КӨМІРТЕКТІ БЕЙТАРАПТЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ САЯСАТЫ: ЭЫДҰ ЖӘНЕ ҚР

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, SIPA/ЭЫДҰ жобасының қолдауымен 2023 жылғы 2 маусымда сағат 15.00-де Ecojer Халықаралық конгресінің алаңында «Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу саясаты: ЭЫДҰ және ҚР» тақырыбында сараптамалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – ЭЫДҰ елдерінің көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу елдік стратегияларын іске асыру жөніндегі тәжірибесін талқылау және Қазақстан Үкіметіне 2060 жылға дейінгі ҚР-ның көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясын іске асыру шеңберінде іс-қимыл жоспарын әзірлеу бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Семинарға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҒЗИ, ЖОО, бизнес және ҮЕҰ өкілдері қатысады.

Өткізу орны: Астана қ., «RIXOS» қонақ үйі, «Шаңырақ» залы.

Тіркелу және іс-шара бағдарламасы сілтеме арқылы қол жетімді: https://ecocongress.kz

Программа: https://disk.yandex.kz/i/Y6Rl-poRk5t_OQ

info@green-academy.kz