Өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP 30) тараптарының 30-шы конференциясы Белем (Бразилия) қаласында 194 елден келген делегациялардың қатысуымен сәтті аяқталды. Келіссөздер барысында елдер 2035 жылға қарай Климаттық салдарға бейімделуді қаржыландыруды үш есеге арттыруға келісті, бейімделу барысын бағалау үшін 59 индикатор қабылдады, сондай-ақ әділ ауысу тетігін бекітті.
CОР-30-да Климаттық қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Конференция елдердегі әділ ауысуды қолдау үшін Belem Action Mechanism (BAM) қабылдауымен ерекшеленді.
Жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында «Жасыл академия» Ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, SIPA/IDDRI (Франция) жобасының қолдауымен 2025 жылғы 5 желтоқсанда «Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесіне климаттық саясатты интеграциялау» тақырыбында саяси диалог жүргізеді. Шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Күні: 5 желтоқсан 2025 жыл
Уақыты: 9:30–13:00
Өтетін орны: Көк зал, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Форматы: Гибридті (on-/off-line)
Іс-шараның мақсаты климаттық саясат қағидаттарын Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік басқару жүйесіне интеграциялау бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Бағдарлама жобасы: https://drive.google.com/…/1WHD0fXIel5rjJh9Ey0…/view…
Онлайн қатысу үшін тіркелу: https://forms.gle/TDkxERrCLHdj3esQ7
Анықтама тел.: +7 701 527 04 09, + 7 702 709 31 96 (WhatsApp)
Email: info@green-academy.kz

