АСТАНАДА ПАРНИКТІК ГАЗДАР САЛАСЫНДАҒЫ ВЕРИФИКАТОРЛАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ БІРІНШІ ОРГАН АШЫЛДЫ

2023 жылғы 17 сәуірде ҚР
Техникалық реттеу және метрология комитетінің және ЕҚДБ-нің сараптамалық қолдауымен Азия-Тынық мұхиты өңірінде парниктік газдарды валидациялау және верификациялау саласындағы персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі бірінші орган «Жасыл Академия» ҰБО базасында (бұдан әрі- ПСРО) аккредиттелді.

ПСРО-ның басты миссиясы уәкілетті органдарғa – ҚР ЭТРМ және ҰАО-ға – парниктік газдарды валидациялау және верификациялау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру саласында оларды ISO 14066-2016 стандартына сәйкес сертификаттауды ұйымдастыру жолымен жәрдемдесу болып табылады.

ПСРО қызметінің консультациясын көміртекті реттеу саласындағы белгілі халықаралық сарапшылар, оның ішінде ЕҚДБ, CEPAS, Aeaquilibria (Италия) сарапшылары жүзеге асыратын болады. ПСРО жанындағы емтихан комиссиясының мүшелері энергетика, мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және өңдеу өнеркәсібі саласында ҰКП ұсынған және CEPAS аккредиттелген көміртекті басқару саласында кәсіби тренингтен өткен тәжірибелі мамандармен ұсынылған. Парниктік газдарды валидациялау және верификациялау саласындағы қолданыстағы және жаңадан дайындалған сарапшыларды сертификаттауды бекітілген рәсімдерге және ПСРО жұмыс кестесіне және т. б. сәйкес жүргізу жоспарлануда.