АСТАНАДА СОР-30 ҚАРСАҢЫНДА ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Жасыл Академия» ҒБО мен «Қазстандарт» РМК ҚР ЭМҚРМ қолдауымен 2025 жылғы 10 қазанда онлайн режимде «Парниктік газдар: парниктік газдарды валидациялау және верификациялау саласындағы сарапшыларға қойылатын салалық талаптар» атты Ұлттық стандарт жобасын 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспарына енгізу бойынша кеңес өткізді. Жоба «Жасыл Академия» ҒБО сарапшыларымен ЕҚДБ қолдауымен әзірленген.

Кеңесті «Қазстандарт» РМК Бас директорының орынбасары А.А. Раззаренов ашты. «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Б.К. Есекина өз баяндамасында парниктік газдар бойынша ұлттық сертификаттау жүйесін қалыптастыру аясында стандарттың өзектілігін атап өтті. Бұл жүйе келесі бағыттарды қамтиды:

1. шығарындыларды сертификаттау;

2. сарапшыларды сертификаттау;

3. Канада, ЕО және ҚХР үлгісі бойынша сертификаттау мониторингі бойынша зерттеу құрылымын құру.

Парниктік газдар шығарындыларын валидациялау және верификациялау саласында жұмыс істейтін ТМД-дағы алғашқы персоналды сәйкестікті растау органы (ПСРО) қызметі де атап өтілді. Оның жұмысы қазіргі уақытта Париж келісімінің 6.8-бабына сәйкес жаңғыртылуда.

Талқылауға қатысып, өз пікірлерін білдіргендер:

• ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығының департамент директоры — Есенжолова А.Б.;

• ҚР Верификаторлар қауымдастығының басшысы — Максут А.;

• ҚР ЭТРМ Климаттық саясат департаментінің төмен көміртектік даму және жасыл технологиялар басқармасының бас сарапшысы — Мелдекул Д.;

• Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ энергетика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. — Кошумбаев М.Б.;

• «Жасыл Даму» АҚ сарапшысы — Ермаханова Э.;

• Медицина университеті жоғары жаратылыстану ғылымдары мектебінің деканы, PhD — Муратов Р. және басқалар.

Кеңес қорытындысы бойынша, Париж келісімінің 6-бабы аясында парниктік газдарды сертификаттауды ілгерілету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес құрылымдармен консультацияларды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Кеңеске барлығы 50-ден астам қатысушы қатысты.

📧 Email: info@green-academy.kz