2019 жылғы 20 қыркүйекте Г.Ж. Даукеев атындағы Алматы энергетика жəне байланыс университетінде (АЭБУ) «Қазақстан экологиялық кодексінің жаңа жобасын талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шара ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтің жолдауын жүзеге асыру аясында “Green Academy” ҒБО және GIZ жобасының қолдауымен өтті.
Іс-шараның мақсаты – ҚР Экологиялық кодексінің жобасын, атап айтқанда экологиялық реттеуге қатысты бөлімдерін талқылау және оған ұсыныстар жасау.
Дөңгелек үстелдің жұмысына келесі тұлғалар қатысты: С.С.Сагинтаева – АЭБУ Ректоры, Б.К.Есекина – ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Green Academy» ҒБО Директоры, А.С.Темешева – Алматы қалалық әкімдігі «Жасыл экономиканы басқару» басқармасының басшысы орынбасары, З.Зикрина «SWITCHASIAII» бағдарламасы, GIZ, В.Ни – Қазақстан қоғамдық ұйымдары Экологиялық Форумының Төрағасы, А.Баймаганова – Халықаралық жасыл технологиялар орталығы, Атымтаев О. – ЮНЕП, ЭСКАТО өкілі және Алматы қаласының жетекші жоғарғы оқу орындары мен ұлттық зерртеу институттарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданатын болады.