«Қазақстандағы парниктік газдардың мониторингі және есептілігі саласындағы заңнама» тақырыбында консультациялық семинар

2023 жылғы 11 сәуірде Астана қаласында «Green Academy» Ғылыми — білім беру орталығы ЭЫДҰ Климаттық саясат департаментімен бірлесіп SIPA OECD / IDRRI жобасының қолдауымен «Қазақстандағы парниктік газдардың мониторингі және есептілігі саласындағы заңнама» тақырыбында консультациялық семинар өткізді. Семинардың мақсаты Қазақстанның парниктік газдарды валидациялау және верификациялау саласындағы заңнамасын талқылау болды, ҚР-ның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру аясында ҚР ЭТРМ Климаттық саясат департаменті директорының орынбасары С. Сабиева, халықаралық сарапшы Г. Сафонов (Еуропа Орман институты, Финляндия) құттықтау сөз сөйледі.
Парниктік газдарды реттеудің нормативтік құқықтық негіздері бойынша баяндамалар келесі қатысушылармен жасалынды: «Жасыл Даму» АҚ түгендеу департаментінің директоры А. С. Есекина, ұлттық сарапшылар А. В. Чередниченко, Э. М. Ермаханова, валидация және верификация саласындағы ОПС директоры А. А. Дарибаева. Семинар жұмысына ҚР СИМ, ҚР ИИДМ, ҚР ЭМ, ҰЭМ, ҚР ҒЖБМ , ҒЗИ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, ҚР Тау-Кен академиясы, бизнес-қауымдастықтар және ҮЕҰ өкілдері қатысты (барлығы 60-тан астам қатысушы).


Бағдарлама: https://disk.yandex.kz/d/YqJN9-O8MBJBDA
Презентациялар: https://disk.yandex.kz/d/GnsxBgaIl1c7SQ
Семинар бейнежазбасы: https://cloud.mail.ru/public/Fcbp/dY6MPvaCr