НҰР-СҰЛТАНДА ӨНДІРУШІ ӨНЕРКӘСІБІН ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ФОРУМ ӨТТІ

2021 жылдың 26-27 тамызында Нұр-Сұлтан қ.«COP-26 ҚАРСАҢЫНДА: КЕН ӨНДІРУШІ ӨНЕРКӘСІБІН ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ КӨМІРТЕГІ САЛЫҒЫ (CBAM)» тақырыбында халықаралық форум өтті. Форум  гибридтік (онлайн/офлайн) форматта Қазақстандағы ЕО Өкілдігі мен GIZ қолдауымен «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп,  ұйымдастырылды.

Іс-шара экономиканың негізгі секторларын декарбонизациялаудың тиімді халықаралық тәжірибесін талқылау, сондай-ақ СОР-26 қарсаңында ұлттық ұстанымды және Қазақстанның төмен көміртекті дамуы тұжырымдамасына (LEDC) ұсынымдар әзірлеу мақсатымен  өткізілді.

Форумға Қазақстанның орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары (СИМ, ЭГТРМ, ЭМ, СЖРA), халықаралық ұйымдардың (ЕО, ЭЫДҰ, GIZ, EY, DIVECON, AIFC) өкілдері, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен елшіліктердің басшылары мен өкілдері, Австрия, Германия, Ресей, Украина мен Қазақстандағы отын-энергетикалық және тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының жоғары басшылығы, ҮЕҰ, декарбонизация және көміртегі салығы саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Форумның бірінші күнін құттықтау сөзбен: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова ҚР,  Парламенті Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова, ҚР-ғы ЕО Өкілдігі басшысының орынбасары Мачей Мадалински,  Қазақстанның тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Николай Радостовец мырза ашты

Форумның модераторы мен ұйымдастырушысы– ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономика» жайлы кеңесінің мүшесі, «Жасыл академия» ҒБО директоры,

д-р Бақыт Есекина болды.

Форумға қатысушылар: Қазақстанның энергетика секторын декарбонизациялаудың басымдықтары (Марат Калменов,  KAZENERGY атқарушы директоры), ЭЫДҰ-ның Орталық Азия аймағының өндіруші өнеркәсібін декарбонизациялауға және инфрақұрылымына қосқан үлесі (Куми Китамури, ЭЫДҰ Халықаралық қатынастар және жасыл даму департаментінің директоры), Қазақстанның өндіруші өнеркәсібін декарбонизациялау сценарийлері (д-р Йоханнес Шухманн, GIZ Жасыл экономика жобасы), төмен көміртекті металлургия технологиялары мен Еуропалық Одақтың Жасыл келісімі (Хорст Вейзингер, Horst Wiesinger компаниясының бас директоры (Австрия), мұнай-газ химия саласын декарбонизациялау (Евгений Пущик, GPI), өндіруші өнеркәсіпті декарбонизациялауға ҰКП көзқарасына (Адина Қарымсақ, ҰКП бас маманы) байланысты баяндамалар тыңдап, талқылады.

Екінші күнді алғы сөзбен: ҚР СЖРА төрағасының орынбасары Аркен Өтенов, ҚР сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова ашты.

Форумның екінші күнінің модераторы – «Қазмұнайгаз» АҚ төмен көміртекті даму жөніндегі Жобалық офисінің басшысы Рамазан Жампиісов болды.

Іс-шараға қатысушылар: Қазақстан энергетикасының климаттық күн тәртібіне байланысты дамуын (Абай Құланбай, ҚР ЭМ ЖЭК бойынша департаментінің директоры), климаттық қаржыландыру тұрғыдан экономиканы декарбонизациялау тәсілдерін (д-р Александр Ван де Путт, АХҚО стратегиялық мәселелер жөніндегі директоры, АХҚО жасыл қаржы жөніндегі консультативтік кеңесінің төрағасы), ҚР-ның өндіруші өнеркәсібі үшін CBAM бойынша ұсыныстарды (Виктор Коваленко, Орталық Азия, Кавказ және Украина елдерінде климаттың өзгеруі мен тұрақты даму саласындағы қызметтер тәжірибесінің жетекші, EY), өндіруші секторы үшін көміртекті жинау және сақтау технологияларын (Флориан Виллерхаузен, Creon Capital Қорының бизнесті дамыту жөніндегі директоры), көміртегі нарығын дамытудағы карбон қорларының рөлін (д-р Айдар Қазыбаев, Жасыл қаржы орталығының бас директоры, GFC/AIFC) талқылады.

Форумның қорытындысы бойынша 2050 ж. дейінгі ҚР-ның төмен көміртекті дамуы тұжырымдамасына (LEDC) ұсынымдар жасалды.