«ЖАСЫЛ КӨПІР» БОЙЫНША ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Астана ұаласында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қазақстандағы Конрад Аденауэр ҚорыныңӨкілдігі және ERG қолдауымен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-қимыл жоспары және төмен көміртекті дамуға көшу» тақырыбына сараптамалық семинар талқыланды.

Белгілі болғандай, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын (бұдан әрі — ЖКСБ) 2012 жылы өткен Орнықты даму бойынша Дүниежүзілік Саммитінде Еуропа, Азия және Тынық мұхит аймағының 120-дан астам елден қатысқан мемлекет және үкімет басшылары мақұлдады және ол алғашқы рет Біріккен Ұлттар Ұйымының қорытынды Декларациясына өңірлік бастама ретінде енді. Бұдан кейінгі жылдары ЖКСБ ЭСКАТО, БҰҰ ЕЭК, ЕурАзЭҚ өңірлік министрлер конференцияларында және т.б. қолдау тапты. Дегенмен, семинардың модераторы «Жасыл Академия» ҒБО директоры, «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, э.ғ.д., профессор Бахыт Есекинаның айтуынша, «ЖКСБ мен Париж келісімін практикалық тұрғыда іске асыру мемлекеттік органдардың, халықаралық және ұлттық ұйымдар, ғылым, бизнес және ҮЕҰ сараптамалыққолдауын талап етеді».

Семинардың ашылу салтанатында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы Траян Лауренцию Христеа бейнебаян арқылы сөз сөйледі. Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров құттықтау сөз сөйледі.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы мен Париж климаттық келісімді климаттың өзгеруі және бейімделу мәселелерін бірлесіп шешу жолдарын іздестіру қажеттігі біріктіреді. Семинарға қатысушылар бірінші болыпWWF Ресей Энергетика және климат бойынша бағдарламасының директоры, ф.м.ғ.к. Алексей Кокоринның Бонн қаласында 6-17 қарашада өткен БҰҰ КӨНК 23-ші конференциясының (СОР-23) қорытындылары туралы ақпаратын тыңдады. «Жасыл көпірді» іске асырудың маңызды бағыттары болып табылатын энергия тиімділігін арттыру және экологиялық саясатты қалыптастыру саласындағы тиімді халықаралық тәжірибе мәселелері бойынша Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қордың басшысы Томас Хельм мырза және Австрия экологиялық агенттігінің сарапшысы Джоанна Вогель презентация жасады. Семинарда Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын жүзеге асырудың қаржы құралдарына ерекше көңіл бөлінді. Бұл мәселе бойынша Азиялық Даму Банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли сөз сөйледі.

Семинардың екінші жартысының тақырыбы ұлттық деңгейде төмен көміртекті дамуға көшу мәселелерін талқылауға арналды. Бұл мәселе бойынша сөз сөйлегендер:РФ Жоғары экономика мектебініңҚоршаған орта және табиғатты пайдалану экономикасы орталығының директоры, э.ғ.к. Георгий Сафонов, ҚР Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі бойынша басқармасының бастығы Гүлмира Ғалиева, USAID-тың «Болашақ энергиясы» жобасының басшысы ЮСАИД Армен Арзуманян.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, Австрия, Германия, Швейцария елшіліктері, Астана қаласы әкімдігі, бизнес құрылымдары, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен өткен кең талқылау барысында ЖКСБ және Парижклиматтық келісімді іске асыру шеңберінде әрекет жасау жайлы Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін ұсыныстар қабылданды.

Пікір үстеу