«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Ұлыбританияның ҚР-дағы Елшілігі, Орталық Азия Университеті мен «Caravan of Knowledge» қорының қолдауымен 2026 жылғы 17 қыркүйекте Астана қаласында Astana Hub алаңында «Климаттың өзгеруіне бейімделудегі цифрлық технологиялар мен ЖИ әлеуеті» тақырыбында Сарапшылар диалогын өткізді. Іс-шара БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қатысушы тараптардың 31-ші конференциясы қарсаңында өтті.
Сарапшылар диалогының мақсаты — өндірісті декарбонизациялау, климаттық деректердің сапасын арттыру және Қазақстанның жаһандық көміртегі нарығына кірігуі үшін ЖИ мен цифрлық технологияларды қолдану әлеуетін талқылау болды.
Қатысушылар алдында құттықтау сөзбен ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев және Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Эксворти ханым сөз сөйледі.
Сессияларды Қазақстандағы Horizon Europe бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі, Astana Hub бас директорының кеңесшісі д-р Әлия Сембаева модерациялады.
Баяндамашылар мен сарапшылар ретінде сөз сөйлегендер:
• проф. Эран Эдирисингхе, Орталық Азия Университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі деканы (ЖИ (цифрлық) инновациялық хаб: тәсілдер мен функциялар);
• Аманат Үмбетбаев мырза, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры — Басқарма мүшесі (Мұнай-газ секторындағы парниктік газдар шығарындыларына цифрлық мониторинг жүргізу);
• д-р Сейтғали Ғалиев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Д.А. Кунаев атындағы Тау-кен институты (Тау-кен өнеркәсібіндегі ESG әлеуетін бағалауға арналған AI (цифрлық) мониторинг жүйесін қалыптастыру);
• Нұрбақыт Абдрасилов мырза, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының цифрландыру және талдау жөніндегі орынбасары (Су ресурстарын басқарудың цифрлық экожүйесі);
• Перумал Арумугам мырза, UNFCCC Хатшылығының Климаттың өзгеруін бәсеңдету бөлімінің нарықтық және нарықтық емес тетіктерді қолдау және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі менеджері (Париж келісімі аясында ұлттық климаттық міндеттемелерге қол жеткізудегі 6.8-баптың рөлі);
• д-р Бахыт Есекина, ҚР Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры (Орталық Азияда парниктік газдарды сертификаттауға арналған цифрлық климаттық хабты қалыптастыру);
• Пелин Атамер ханым, ЭЫДҰ Еуразия бөлімшесінің саясат жөніндегі аға сарапшысы, тұрақты инфрақұрылым және жасыл өсу бөлімінің жетекшісі, онлайн (Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін ЖИ және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ЭЫДҰ тәжірибесі);
• д-р Айдар Қазыбаев, ESG Global Partnership президенті (Орталық Азиядағы парниктік газдар аукционына арналған климаттық цифрлық платформа);
• Айболат Әбітбеков мырза, Халықаралық ғылым және технологиялар орталығының (ISTC) атқарушы директорының орынбасары (Климаттық технологияларды дамытудағы ғылыми деректер мен халықаралық зерттеу желілерінің рөлі);
• Гастон Майя Мело-Фелгуэрес мырза, ЭСКАТО, IDD бөлімі, АКТ және даму секциясы, онлайн (Ауаның ластануымен күресте ЖИ пайдалану бойынша АСЕАН елдерінің ынтымақтастығы);
• д-р Питер Либельт, Тұрақты инновациялар жөніндегі Орталық Азия бюросының (CASIB) жетекшісі, онлайн (ЖИ мен цифрлық технологияларды зерттеу саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту: саясат және ынтымақтастық перспективалары).
Сарапшылар диалогының жұмысына ҚР ЭТРМ, ҚР СРИМ, ҚР ӨҚМ, ҚР ЭМ, ҚР ҒЖБМ, ҚР СИМ, «Қазстандарт», ҚР Атом энергиясы агенттігі, Astana Hub, «Атамекен» ҰКП, «ECOJER» қауымдастығы, Ұлыбританияның Қазақстандағы Сауда-өнеркәсіп палатасы, БҰҰ ДБ, ЭСКАТО, ISTC, Green Transition жобасы және басқа ұйымдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылар, QAIRU оқытушылары мен студенттері қатысты.
Диалог барысындағы талқылау қорытындысы бойынша парниктік газдар шығарындыларына цифрлық мониторингті жетілдіру және Париж келісімінің 6-бабы бойынша жобаларды іске асыру үшін Astana Hub алаңында Цифрлық климаттық хаб құру жөнінде ұсынымдар қабылданды.
Iс-шараға гибридті форматта барлығы 80-нен астам адам қатысты.
info@green-academy.kz









