Қазақстанда алғаш рет сарапшыларды климаттың өзгеруі бойынша ISO стандарттарына оқыту өтеді.
Тренингті ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі және «Жасыл академия» Ғылыми-білім беру орталығы. Жоба ОЭСР және ЕБРР қолдауымен ұйымдастырылуда.
Оқытуды Даниэль Перниготти (Италия) негізін қалаған Aequilibria мамандандырылған консалтингтік компаниясының сарапшылары жүргізеді.
Қатысушылар ретінде еліміздің мемлекеттік органдарының, мұнай-газ және тау-кен өндіруші компаниялары мен жоғары оқу орындарының көміртекті реттеу саласындағы жетекші сарапшылары іріктелді.
Тренингте қатысушылар көміртегі ізін бағалау бойынша ISO стандарттарын енгізу туралы (ISO 14067), ұйымның көміртегі ізі (ISO 14064-1), сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын тексеру (ISO 14064-3, ISO 14065, ISO 17029) бойынша білім алады.
14 қараша күні сағат 9:00-де СИМ Техникалық реттеу комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың, ОЭСР Еуразиялық филиалының басшысы Уильям Томпсонның, ЕҚДБ Қазақстандық бөлімшесінің директоры Хусейн Өзжанның және ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҰОО директоры, профессор Бақыт Есекинаның қатысуымен оқытудың салтанатты ашылуы өтеді.
Тренинг Астана қаласында өтеді.
Бағдарлама: https://green-academy.kz/wp-content/uploads/2022/11/22-11-13_ISO_Training_Final-Programme.docx.pdf