АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ КӨМІРТЕКСІЗДЕНДІРУДІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

Өздеріңіз білетіндей, бес елден тұратын Орталық Азия аймағы температураның жоғарылауы, тұрақты емес жауын-шашын және экстремалды ауа райы құбылыстарының көбеюі сияқты климаттың өзгеруінің жағымсыз салдарымен бетпе-бет келуде.

Осыған орай, 2024 жылғы 27-29 мамырда «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, SIPA/ЭЫДҰ жобасының және Орталық Азия университетінің (ОАУ) қолдауымен «Климаттың өзгеруі және қауіпсіздік: көміртексіздендіру және бейімделу саясаты» сессиясын климаттың өзгеруі мәселесі бойынша Орталық Азия Конференция платформасында өткізеді (КӨОАК-2024). Сессия барысында Орталық Азияны көміртексіздендіру стратегиясын әзірлеудің инновациялық тәсілдері, өңірлік ынтымақтастықты іске асыру тетіктері, сондай-ақ өңірлік Климаттық хаб құру туралы Меморандумға қол қою талқыланады. Сессияның модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒББО директоры, доктор Бахыт Есекина болады.

Спикерлер ретінде:

Мансұр Ошурбаев, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

Абдукодир Мавлодод, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау комитеті төрағасының орынбасары;

Лязиза Сабырова, Азия Даму Банкіндегі аға аймақтық экономист;

Др. Кристофер Джерри, Орталық Азия университеті ректорының міндетін атқарушы;

Урваши Нарайн, бағдарлама көшбасшысы, Орталық Азиядағы тұрақты даму, Дүниежүзілік банк;

Амир Пирич, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Кеңсесі директорының міндетін атқарушы;

Др. Йоханнес Баур, Қазақстандағы ЕО делегациясының ынтымақтастық бөлімінің басшысы;

Патриция Аббрехт, Венадағы ЕҚЫҰ кеңсесінің климат жөніндегі кеңесшісі;

Пелине Атамер, SIPA/ЭЫДҰ жобасының жетекшісі;

Др. Георгий Сафонов, SIPA/ЭЫДҰ жобасының үйлестірушісі, EFI аға ғылыми қызметкері сөз сөйлейді.

Бұл панельдік сессияда әр түрлі елдер мен тиісті мекемелердің өкілдері климаттың өзгеруіне бейімделуді ілгерілету мен Орталық Азия экономикасын көміртексіздендірудегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтетін болады. Сессия Орталық Азия елдеріндегі көміртексіздендіру және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі бастамаларға қатысатын ұйымдар арасындағы әріптестікті қалыптастыруға және нығайтуға бағытталатын болады. Бұл бірлескен тәсіл жергілікті мүмкіндіктерді аймақтық деңгейге дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, талқылау барысында аймақтағы көміртексіздендіру мен климаттың өзгеруіне бейімделу әлеуетін жақсарту үшін ынтымақтастық, зерттеу және озық технологияларды қалай пайдалануға болатынындығы туралы атап өтілетін болады.

Бағдарлама жобасы: https://disk.yandex.ru/i/W9jjWs9zJI3PEA

Қосылуға арналған сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/89764086084…

Тіркелуге арналған CAREC сілтемесі: https://carececo.org/…/mettings/caccc-2024-register/

Анықтама телефондары: +77053071126, +77053071235

email: info@green-academy.kz