TӨРТІНШІ КЛИМАТТЫҚ ДИАЛОГ

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, «ҚАЗСТАНДАРТ» РМК-мен бірлесіп, ЕО, ITC қолдауымен, 2022 жылғы 7 қазанда Астана қаласында «Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу Стратегиясының 2060 жылға дейінгі басымдықтары мен тетіктері»
тақырыбына гибридті форматта (off/on-line) Tөртінші Климаттық Диалог өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардың, ҚР Парламенті депутаттарының, ғалымдардың, ҮЕҰ, ұлттық жəне халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасын талқылау жəне ҚР Үкіметіне ұсынымдар əзірлеу.
Іс-шара мына мекен-жайда өтеді: Астана қ., Мəңгілік Ел, 55/18, АХҚО, «Лондон» залы


Бағдарлама:
https://green-academy.kz/wp-content/uploads/2022/10/Programma-6-kazaksha.pdf


Тіркелу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/webinar/register/WN_ZhHaM5rNRYu6Vs64LEL1nw


Байланыстар: +77058714444 / info@green-academy.kz