
«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС) аясында «Аймақтық климаттық шешімдерді әзірлеудегі академиялық және ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыбында панельдік сессия өткізеді.
Мекенжайы – Астана қ., Кабанбай Батыра даңғылы, 15, «Хилтон» қонақ үйі, «Арал» залы.
Күні мен уақыты — 24 сәуір 2026 ж., сағат 9.00-ден 10.45-ке дейін.
Шараның мақсаты – су және энергетикалық қауіпсіздік, сондай-ақ өсіп келе жатқан климаттық тәуекелдер контекстінде экологиялық және климаттық проблемаларды зерттеу саласында Еуропа және Азия елдері ғалымдарының зерттеулерін талқылау. Атап айтқанда, халықаралық және ұлттық ғалымдар КӨҮСТ, COMSTECH, ОАУ, CASIB, ХҒТО, НУ, Green Academy, DEXA (БAӘ) ұйымдарынан климаттық мәселелер бойынша келесі тақырыптарда баяндамалар ұсынады:
— климаттық проблемаларды шешу және инновациялық технологияларды ілгерілету бағытында ғылым, бизнес және мемлекет интеграциясы;
— климаттық инновациялар саласында жаңа буын мамандарын даярлау және адами капиталды дамыту, өңірлік сараптамалық әлеуетті арттыру;
— климат, су ресурстары және экологиялық тұрақтылық салаларында бірлескен бастамалар мен әріптестіктерді ілгерілету үшін инновациялық және ғылыми ынтымақтастық платформаларын қалыптастыру;
— Орталық Азияда көміртегі нарықтарын қалыптастыруға институционалдық қолдау көрсету, оның ішінде Париж Келісімінің 6-бабы шеңберінде;
— Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі сценарийлері үшін көміртекті ұстау, пайдалану және байланыстыру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
— климаттық модельдеу және табиғи ресурстарды басқаруда жасанды интеллект пен үлкен деректерді қолдану.
Қатысушылар – ҚР ҒЖБМ, ҚР ЭТРМ басшылары мен өкілдері, Ұлыбританияның елшіліктері, ЭЫДҰ және ИЫҰ елдері, Германия, КХР, жоғары оқу орындарының, университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және академиялық қауымдастықтың, сондай-ақ Орталық Азия бизнесі мен ҮЕҰ өкілдері.
Серіктестер — ISTC, CASIB, UCA, Караван Инфо
Аймақта климатты зерттеу және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы бірқатар инновациялық жобаларды іске қосу бойынша меморандумдарға қол қойылуы күтіледі, оның ішінде Цифрлық өңірлік климаттық орталықты (хабты) құру да бар.
Бағдарлама: https://disk.yandex.kz/d/lu3HDwoAEfve0g
Тіркелу: https://forms.gle/DRHcHxMcNPeGWmRe8
Байланыс үшін: + 7(7172)277293-277294, +77027093196
info@green-academy.kz
