Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығымен БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізу және Париж Келісімін іске асыру мақсатында 2023 жылғы 2 ақпанда ҚР-ның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясы (бұдан әрі — Стратегия) бекітілді.
Осы Стратегияны іске асыру мақсатында «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы Ә. Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университетімен бірлесіп, ЭЫДҰ SIPA жобасының қолдауымен 2024 жылғы 10 мамырда «Қазақстан экономикасының базалық салаларындағы ESG интеграциясының басымдықтары» тақырыбында Сараптамалық семинар өткізеді
Іс-шараның мақсаты Қазақстан экономикасының базалық салаларындағы, оның ішінде тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп кешендеріндегі кәсіпорындарда, ESG қағидаттарын интеграциялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Гибридті форматта семинар халықаралық және ұлттық сарапшылар, Қазақстандағы жоғары оқу орындар мен ғылыми-зерттеу институттардың, оның ішінде Д. Қонаев атындағы Тау-кен істері институты, Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ, ҚарИУ, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы, ұлттық компаниялардың өкілдері, бизнес-қауымдастықтар мен ҮЕҰ өкілдері қатысады деп күтілуде.
Бағдарлама жобасы: https://disk.yandex.ru/i/VMqCv2oX8EyA-g
Тіркеу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/…/tZMkdOygqzMpGNSmh87vguX9gZbwP…
Тіркеу 09.05.2024 18:00-ға дейін
Анықтамалар +77053071126, +77053071235 тел. бойынша
email: info@green-academy.kz