МЕТАН БОЙЫНША ЖАHАНДЫҚ МIНДЕТТЕМЕ: АСТАНАДАҒЫ САЯСИ ДИАЛОГ

Қазіргі уақытта климатқа байланысты күн тәртібі жаһандық және аймақтық деңгейлер

өзекті болып отыр. Бұл бүкіл әлем елдерін қамтыған, соның ішінде Қазақстан Республикасын, климаттық өзгерістердің өсуіне байланысты.

Баршаға белгілі, 2023 жылдың қараша айының соңында Дубай қаласында (БАӘ) БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі Тараптардың 28-ші конференциясы (СОР-28) өтеді, онда Париж келісімі шеңберінде қабылданған елдік климаттық стратегияларды имплементациялау мәселелері талқыланады. СОР-28-дің күн тәртібінің басым бағыттарының бірі – СОР-26-да (Глазго қ.) бастама алған Метан бойынша жаһандық міндеттемеге — Global Methane Pledge (GMP) қосылу. Бұл міндеттемені осы уақытта Париж келісіміне қол қойған 150 ел қолдады.

Қазіргі уақытта Қазақстан, климаттың өзгеруін болдырмау жөніндегі жаһандық үдерістің жауапты қатысушысы бола отырып, 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясын және 1990 жылғы деңгейден 15-25% мөлшерінде климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Жаңартылған ұлттық үлесін қабылдады. Дегенмен, республиканың метан жөніндегі жаһандық міндеттемеге әлі қосылмағаны климаттық қаржыландыруға қолжетімділіктің осалдығын және 2024 жылдан бастап шикізат экспортына шекаралық көмiртегi салығын енгізуді арттырады.

Осыған байланысты «Жасыл Академия» ҒБО ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитетімен, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте Астанада » МЕТАН БОЙЫНША ЖАHАНДЫҚ МIНДЕТТЕМЕ: АСТАНАДАҒЫ САЯСИ ДИАЛОГ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Іс-шараның мақсаты — GMP-ге қосылудың халықаралық, оның ішінде Орталық Азия елдерінің, тәжірибесін және халықаралық және ұлттық сарапшылар әзірлеген елдік әлеуетті бағалау қорытындысын талқылау,сондай-ақ алдағы СОР-28 конференциясында келіссөздер процесіне ұсынымдар әзірлеу.

Іс-шараның спикерлері ретінде бірқатар мемлекеттік органдар, жаһандық және ұлттық деңгейде метанды декарбонизациялау проблемаларын зерттеп жүрген ұлттық (ЭЗИ, «Жасыл Даму» АҚ) және ЕО, ЭЫДҰ, ЮСАИД халықаралық сарапшыларысөз сөйлейді.

Іс-шараға тіркелу 05.09.2023 ж. ашық.

Конференцияға онлайн қатысу үшін алдын ала тіркеліңіз: https://us02web.zoom.us/…/tZUkd-usqj8sHtHm5W9b_1npo…

Бағдарлама жобасы: https://disk.yandex.kz/i/UjVA7_NgotR69A

Байланыстар :

+7(7172)277293-277294