2025 жылдың 23 және 24 қаңтарында Бурабай қаласында, RIXOS Hotel Borovoe қонақ үйінде GIZ, SIPA/IDDRI жобасының қолдауымен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның көміртегі бейтараптығының жол картасын әзірлеу басымдықтары» тақырыбында сараптамалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясын іске асырудың Жол картасы жобасын талқылау және ҚР Үкіметіне ұсынымдар әзірлеу болды.
Іс-шараға гибридті форматта ЭТРМ, ЭМ, ЖПҚ, СИМ, ЕО, Дүниежүзілік банк, SIPA/IDDRI, GIZ, ЕҚДБ, ОАУ, Kazenergy, ERI, ESG trend және басқа ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Бірінші күнгі сессияға қатысушылар алдында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі, Ерлан Нысанбаев, Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы тұрақты өкілі, Андрей Михнев, ЕО-ның ҚР-дағы делегациясының ынтымақтастық бөлімінің басшысы, Йоханнес Баур, Сутегі дипломатиясы кеңсесінің басшысы, GIZ, Мануэль Андрес сәлемдесу сөзін сөйледі.
Іс-шараның бірінші күнінің модераторлары ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры д-р Бақыт Есекина және «KAZENERGY» қауымдастығының бас Директоры Жандос Нұрмағанбетов болды.
Баяндамалармен сөз сөйлегендер:
Др. Георгий Сафонов, Аға сарапшы, SIPA/IDDRI жобасы (Франция) (ЭЫДҰ елдерінде көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді іске асыру жоспарын әзірлеу тәжірибесі);
Қуаныш Бейсенғазин, ҚР ЭТРМ жобалық кеңсесінің басшысы (ҚР көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асырудың Жол картасын әзірлеу тәсілдері);
Др. Сейітғали Ғалиев, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Д. Қонаев атындағы ТІИ тау-кен системологиясы бөлімінің меңгерушісі (ҚР ТМК шығарындыларын азайтудың цифрлық технологиялары);
Елена Архангельская, ҚР ЭМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті көпжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы (Қазақстандағы баламалы энергетиканы дамыту перспективалары);
Нұржан Қабдолданов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл Даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (қазақстандық ШСЖ жетілдіру бағыттары);
Ян-Виллем ван де Вэн, Халықаралық климат саясаты және өзара іс-қимыл басшысы, ЕҚДБ / Дмитрий Голубовский, ЕҚДБ, жетекші сарапшы (СОР-29 ескере отырып, ШСЖ жетілдіру бойынша ұсыныстар);
Марат Қалменов, «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазэнергоэкспертиза)» АҚ энергия үнемдеу саясатын дамыту департаментінің директоры (Энергия тиімділігін реттеуді жетілдірудің басымдықтары);
Дәурен Шәріпов, «ҚАЗСТАНДАРТ» РМК департамент директоры (Көміртекті реттеу үшін стандарттау және сертификаттау);
Айгүл Жұмаділова, «ESGTREND» ЖШС СЕО бас директоры (6-бапты жүзеге асыру үшін шығарындыларды сертификаттау жүйесінің рөлі);
Наталья Бочинская, Chapter ZERO Kazakhstan даму жөніндегі директоры (Көміртегі бейтараптығының жол картасы: 1-ші күннің қорытындысын шығару).
Екінші күнгі сессияға қатысушылар алдында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, Мұрат Теміржанов, ҚР ЕО Өкілдігінің саяси бөлімінің басшысы, Мачей Мадалински, тұрақты инфрақұрылым және «жасыл» өсу бөлімінің басшысы, ЭЫДҰ, Пелин Атамер құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараның екінші күнінің модераторы — FAO, жоба үйлестірушісі Айжан Қарабаева.
Баяндамалармен сөз сөйлегендер:
Мануэль Андрес, Сутегі дипломатиясы Кеңсесінің Басшысы, Астана (Қазақстанда жасыл сутекті пайдалану перспективалары);
Др. Олег Плужников, «Carbon Strategies» жетекші сарапшысы (Ұлыбритания) (6.4-бапты іске асыру жөніндегі ұлттық жоспарды дайындау туралы);
Маурицио Гуаданьи, халықаралық маман, FAO (Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және жерді пайдаланудың рөлі);
Досым Қадырбаев, Стюарт Боулин, Rakurs Consulting Group/Rakurs Tech (Көміртекті несиелер каталитикалық қаржыландыру ретінде:тұрақты ауысуды қамтамасыз ету).
Ұсынылған баяндамаларды талқылауға: С.Пономарев (ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің депутаты), Д. Ахметов (ЮСАИД жобасы), М. Жүнісова (ОАУ), Р. Оспанов (Shell) және басқалар қатысты.
Баяндамаларды талқылау қорытындысы бойынша ҚР-да көміртексіздендіруді ынталандыруды, ЖЭК және жасыл сутекті дамытуды, ШСЖ-ны күшейтуді, карбондық егіншілік механизмін және т. б. көздейтін жол картасын әзірлеу процесін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар жобасы қабылданды.
Негізгі кедергілер келесілер екендігі атап өтілді:
— стейкхолдерлер арасындағы іс-әрекеттің сәйкес келмеуі;
— компаниялар үшін көміртексіздендіруге ынталандырудың болмауы;
— ПГ валидациялау және верификациялауының жеткіліксіз деңгейі.
Семинар жұмысына гибридті форматта мемлекеттік органдар, сараптамалық қоғамдастық, бизнес және ҮЕҰ атынан 80-нен астам қатысушы қатысты. Ұсынымдар жобасын ҚР Үкіметіне жолдау жоспарлануда.
1-ші күннің жазылымы: https://drive.google.com/…/1OFlQYB5HzRdNWCCFzVMEb8UpNz7…
2-ші күннің жазылымы: