СОР-26 ҚАРСАҢЫНДА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨНДІРУШІ САЛАЛАРЫН ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ

2021 жылғы 22 қазанда сағат 15.00-де «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ, Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБИ) мен «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы бірлесіп, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨНДІРУШІ САЛАЛАРЫН ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ» тақырыбында ТМД аумағында алғашқы әзірленген монографияның тұсау кесерін өткізеді.

Монографияда жаһандық энергетикалық ауысу мен көміртегі әлеуеті жоғары экономикалардың көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу мәселелері зерттелген, ұлттық экономиканың өндіруші өнеркәсібін декарбонизациялаудың  жағдайына, әлеуетін бағалау мен жолдарына талдау жасалған, сондай-ақ 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу шеңберінде Қазақстан экономикасының өндіруші салаларында төмен көміртекті технологияларды енгізудің келешегі негізделген.

Байланыс: off-line қатысушылар үшін – 7(7172)768021/118, 7(7172)277294,

оn-line қатысушылар үшін – Zoom конференциясына қосылу қажет – https://us05web.zoom.us/j/4933635661?pwd=QktKVTNXUS9DelBLTnhXdG1CbW5HQT09 Конференция идентификаторы: 493 363 5661