Ұлттық ТДМ іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның IV отырысының ұсынымдарына сәйкес «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Орталық Азия Университетімен бірлесіп, ЭЫДҰ SIPA жобасының қолдауымен 2024 жылдың 5 шілдесінде Текелі қаласында «Жетісудағы ТДМ 7 және ТДМ 13-ке қол жеткізу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Іс-шараның мақсаты Жетісу өңіріндегі ТДМ 7 және ТДМ 13-ке қол жеткізудің жай-күйін, әлеуеті мен басымдықтарын, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптары конференциясының 29-сессиясына қатысу мүмкіндігін талқылау және 2060 жылға қарай ҚР көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының (КБҚЖС) Жол картасы үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Дөңгелек үстел жұмысына гибридті форматта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР ЭТБМ, ҚР ЭМ, ҚР СРИМ, Жетісу қаласы, Текелі қаласы әкімдіктерінің, Алматы қаласы мен өңірдің ҒЗИ және ЖОО, БҰҰДБ, ЕО, АДБ, SIPA/ЭЫДҰ, GIZ, халықаралық және ұлттық сарапшылар, бизнес-қауымдастықтар мен ҮЕҰ өкілдері қатысады.
Жоба бағдарламасы: https://green-academy.kz/wp-content/uploads/2024/07/Programma-05.07.2024-az-FIN.pdf
Тіркелуге арналған сілтеме: https://us06web.zoom.us/…/tZErcuqvqTkpHNZZZjeNsJ9IvReOl…
Анықтама телефоны: +77053071126, +77053071235
email: info@green-academy.kz