ЖЕТІСУДА ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2024 жылдың 5 шілдесінде Текелі қаласында «Жетісудағы ТДМ 7 және ТДМ 13-ке қол жеткізу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оның ұйымдастырушылары ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Орталық Азия Университетімен (ОАУ) бірлесіп, SIPА/ЭЫДҰ жобасының қолдауымен «Жасыл Академия»Ғылыми-білім беру орталығы және Текелі қаласы әкімдігі болды.

Іс-шара мақсаты аймақтық деңгейде ТДМ 7, ТДМ 13 мақсаттарына қол жеткізу жолдарын талқылау және 2060 жылға қарай ҚР Көміртек Бейтараптығына Қол жеткізу Стратегиясының жол картасы бойынша ұсыныстар әзірлеу (КБҚЖС)

Іс-шараға гибридтік форматта ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, орталық және жергілікті билік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар – ЖТХО, АДБ, ОЭСР (SIPA), NEAH, ОАУ, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ, іскерлік бірлестік өкілдері қатысты.

Сессияға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлегендер: ҚР Парламенті Сенатының депутаттары: Сұлтан Дүйсембинов, Ғалиаскар Сарыбаев, Текелі қаласының әкімі Алмас Әділ, ҚР мемлекеттік органдарымен байланыс жөніндегі ОАУ өкілі Райхан Сисекенова.

«ҚР-да көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолдары» тақырыбында бірінші сессия модераторы ретінде ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл академия» ҒББО директоры д-р Бахыт Есекина сөз сөйледі.

Баянадама оқығандар:

Д-р Георгий Сафонов, SIPA/ЭЫДҰ жобасының үйлестірушісі, EFI аға ғылыми қызметкері, (ЭЫДҰ-ның көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі тәжірибесі және ҚР үшін ұсынымдар);

Дидар Каримсаков, ҚР ЭТРМ жөнінгдегі ЖТжИЖХО КЕАҚ, басқарма төрағасы, (ҚР өңірлерінде көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде ең үздік қолжетімді технологияларды енгізудің рөлі);

Др. Ермек Муртазин, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің У. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты, директордың орынбасары

(Жетісудың Қазақстанның геотермалдық энергетикасын дамытудағы әлеуеті);

Кенжехан Абуов, АДБ жобаларын іске асыру жөніндегі аға маман

(АДБ энергетикалық ауысу механизмі және декарбонизация мүмкіндіктері).

«Жетісудағы төмен көміртекті жобалар» тақырыбында екінші сессия модераторы ретінде, Орталық Азия Университеті (ОАУ) Жоғары Даму мектебінің қалалық даму жөніндегі басшысы д-р Мадина Джунусова сөз алды.

Екінші сеесияда баянадамамен шыққандар:

Др. Аблай Досмағанбетов, МСБИ, ОАУ ғ.қ.

(Орталық Азиядағы көлік және энергетикалық инфрақұрылымды декарбонизациялау);

Др. Санжар Садыров, Тау қауымдастығын зерттеу институты (ТҚЗИ), ОАУ ғ.қ.

(Климат өзгеруінің Орталық Азияның таулы аймақтарындағы су ресурстары мен су энергиясына әсерін модельдеу)

Др. Маржан Айкимбаева, МСБИ, ОАУ ғ.қ., бағдарламаларының дамыту жетекшісі және менеджері (Климаттық өзгерістерге төзімді тұрақты дамуға қол жеткізу үшін адам әлеуетін нығайту)

Талқылау барысына қатысқандар: Куралай Карибаева (ЭжТДИ), д-р Сейтгали Галиев (Д. А. Қонаев атындағы ТКІИ), Арайлым Шулгауова (ОАӨЭО), Мария Степанова (NEAH), Рустам Хакимов (Туризм Қауымдастығының Президенті), Сауле Козыке (CEO LLC ARPI – Kazakhstan).

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Жасыл Академия» ҒББО мен ЖТХО арасында Қазақстанда ЕЖҚТ-ны бірлесіп ілгерілету және климаттық Хаб құру туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, ҚР Үкіметіне жасыл технологияларды ілгерілетуге қатысты 2060 жылға қарай ҚР көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясының (КБҚЖС) жол картасы бойынша ұсынымдар қабылданды.

email: info@green-academy.kz