2020 жылғы 17 қарашада ҚР СИМ Техникалық реттеу жəне метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығы жанында Валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөнінде техникалық комитет құрылды.
Техникалық комитет (ТК) мақсаты — Қазақстан Республикасында көміртегі парниктік газдарын реттеуді жетілдіру мәселелерін талқылау және шешім қабылдау.
ТК құрамына келесі ұйымдардың өкілдері кірді: «Жасыл Академия» ҒБО, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты, ҚР ЭГТРМ, «Атамекен», «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы», «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» (ТМКҚ), ҚР Верификаторлар одағы «ЕТS KZ Verifiers», «Парниктік газдар саласындағы верификаторлар қауымдастығы». ТК-нің бірінші жиынында 2020-2021 жж. арналған Жұмыс жоспары талқыланатын болады.