Климаттың өзгеруі туралы ұлттық диалог

22 сәуірдеЖер күнінде – «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен «Нархоз университеті» КЕАҚ Еуропалық Одақ делегациясымен бірлесіп ұйымдастырған «Solve Climate by 2030» атты жаһандық диалог өтті. Іс-шара Қазақстандағы климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық диалогты жандандыру және БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 26-сессиясына (COP-26) дайындық процестерін талқылау мақсатында өткізілді.

Баршаға белгілі, «Solve Climate by 2030» климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі маңызды халықаралық, ұлттық және жергілікті іс-әрекеттерді талқылауға арналған Европалық Одақтың бастамасы болып есептеледі. Қазіргі кезде бұл бастама әлемнің 50 елінде қолдау тапты.

Құттықтау сөздер мен баяндамалар жасағандар: Нархоз Университетінің ректоры С. Буянский, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттың өзгеруі департаментінің басқарма жетекшісі Ш.Тастемирова, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі С.-O. Карлссон, Австрияның Қазақстандағы Елшісі В. Кемпел, ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., проф. Б. Есекина, ОААЭО атқарушы директоры З. Махмудов, Нархоз университетінің «Орнықты Қазақстан» зерттеу институтының директоры Б. Дюпрей, Нархоз Университетінің студенті А.Танатаров. Жалпы, вебинарға 160-тан астам адам қатысты – Еуропа, Орталық Азия мен Қазақстандағы үкімет, халықаралық ұйымдар, ғылыми мекемелер, білім мен бизнес өкілдері қатысты; 20 адам тікелей эфирде Youtube-каналында тамашалады.

Диалог спикерлері мен қатысушылары климаттың салдарын бейімдеу және азайту саласындағы әрекеттерді күшейтуге байланысты Қазақстан үкіметіне өз ұсыныстарын жасады. Жақын арада қорытынды құжат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне беріледі деп күтілуде.

Іс-шара жазбасы мен фотосуреттер