Валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөнінде техникалық комитет құрылды

2020 жылғы 17 қарашада ҚР СИМ Техникалық реттеу жəне метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығы жанында Валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөнінде техникалық комитет құрылды.

Техникалық комитет (ТК) мақсаты – Қазақстан Республикасында көміртегі парниктік газдарын реттеуді жетілдіру мәселелерін талқылау және шешім қабылдау.

ТК құрамына келесі ұйымдардың өкілдері кірді: «Жасыл Академия» ҒБО, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты, ҚР ЭГТРМ, «Атамекен», «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы», «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» (ТМКҚ), ҚР Верификаторлар одағы «ЕТS KZ Verifiers», «Парниктік газдар саласындағы верификаторлар қауымдастығы». ТК-нің бірінші жиынында 2020-2021 жж. арналған Жұмыс жоспары талқыланатын болады.