ҚАЗАҚСТАНДА СРББ-ны ЕНГІЗУ

2017 жылдың 21 қыркүйегінде Астана қ. 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ-2030) 6.5.1 индикаторын іске асыру аясында «Су ресурстарын біріктіріп басқаруды енгізу (СРББ)» бойынша мүдделі тараптардың ұлттық семинары «Су ресурстарын біріктіріп басқаруды енгізу (СРББ)» бойынша мүдделі тараптардың Ұлттық семинары өтті. Іс-шараны «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Су және қоршаған орта мәселелері бойынша Орталығы мен Дүниежүзілік Су Әріптестігімен (GWP) бірлесіп ұйымдастырды.

Белгілі болғандай, 2015 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясында кедейлікті жою, планетаның ресурстарын үнемдеу және өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған 17 мақсатты қамтитын 2030 жылға дейін орнықты даму саласындағы Күн тәртібі қабылданған болатын. Осыған орай Ғаламдық Су Серіктестігі сумен байланысты Орнықты Даму Мақсаттарына жету үшін, оның ішінде, трансшекаралық әріптестік арқылы 2030 жылға су ресурстарын біріктіріп басқару бойынша 6.5-мақсатына жетуде елдерге қолдау көрсету мақсатында 2016-2019 жылдарға арналған іс-әрекеттер бағдарламасын әзірледі.

Ұлттық деңгейлерде су ресурстарын біріктіріп басқаруды енгізудің деңгейін анықтау үшін GWP сарапшылары Сауалнама әзірлееген болатын. Қазақстандағы СРББ мәселелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің СРК, Энергетика министрлігі, БҰҰДБ, бизнес қауымдастықтың өкілдері, ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ қатысуымен өткен семинарда талқыланды. Талқылау барысында су ресурстарын басқарудың жай-күйі, нормативтік құқықтық базасы, қаржыландыру, осы саладағы жобаларды іске асыруға шолу жасалды. Талқылауға келесі тұлғалар қатысты: ҚР Су ресурстары министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау басқармасының бастығы Г.С. Имашева, МҮСШК ҒЗО-ның Қазақстандық бөлімшесінің директоры, Қазақстан Су Серіктестігінің президенті Н.Қ Қыпшақбаев, Қазақстан су шаруашылығы қауымдастығының президенті Н.Б. Атшабаров, «Казвоздхоз» РМК стратегиялық инновациялық даму бөлімінің бастығы Т.С. Кененбаев, «Еуразиялық су орталығы» ЗӨБ» АҚ бас директорының орынбасары Л.В. Шабанова, «Су бастамалары» ҚҚ сарапшысы М.Б. Арыстанов, «ҚР АШМ СРК су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша Есіл бассейндік инспекциясы» РМК басшысы М.Т. Аяшев, «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығының бас экономист-сарапшысы М.С. Сәрсембекова және басқалар. Семинарға сондай-ақ Дүниежүзілік Су Әріптестігінің сарапшысы Б.К. Есекин және «Қазақстанның „жасыл экономикаға“ көшу моделіне көшуін қолдау» БҰҰДБ жобасының менеджері Г.Т. Исаева қатысты.

Ресми және сараптамалық деңгейде бірлесіп талқылаудың нәтижесінде ұлттық деңгейде СРББ енгізу жөніндегі саясатқа, заңнамаға, қаржыландырудың деңгейіне баға беріліп, бұдан кейінгі қадамдар белгіленді.

Пікір үстеу