ЭКОНОМИКАНЫ ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ алаңында ғылым және жоғары білім министрлігі мен АЭжБУ қолдауымен «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының өндіруші өнеркәсібі үшін ДЕКАРБОНИЗАЦИЯ сценарийлері» тақырыбында консультациялық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жоспарын дайындау үшін өндіруші саланы декарбонизациялау бағыттарын талқылау, сондай-ақ стратегияны іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеу болды.

ҚР Парламентінің сенаторы Ольга Булавкина, ҚР ҰҒА Президиумының мүшесі Др. Серік Сейдуманов, ҚР ҒЖБМ Министрінің кеңесшісі Фархад Қуанғанов, сондай-ақ Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры Мұрат Сыздықов құттықтау сөз сөйледі. Бұдан әрі профессор С.С. Сағынтаева АЭжБУ «Жасыл Академия» ҰОО-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасының өндіруші салаларын Декарбонизациялау»тақырыбында дайындаған монографиясын таныстырды.

Іс-шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҰБО Директоры, Доктор Бақыт Есекина болды.

Семинар жұмысына ҚР ҒЖБМ, ҚР ҰҒА өкілдері, ғалымдар, ұлттық және халықаралық сарапшылар және басқалар қатысты.

Қазақстандағы ынтымақтастық жөніндегі ЕО Өкілдігінің басшысы доктор Йоханнес Бауэр, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ гидрогеология және геоэкология институтының директоры доктор Мелис Абсаматов, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ біліктілікті арттыру институтының директоры доктор Р. Сатова, GFC/AIFC Бас Директоры доктор А. Қазыбаев, OECD/Iddri/EFI жобасының үйлестірушісі баяндама жасады Г. Сафонов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар ҒЗИ директоры Др. А. Әлімгазин, Жылу энергетикасы және жүйелер институтының директоры доктор А. Бегімбетова.

Қатысушылар Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытының міндеттемесін растады және Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жоспарын дайындаудың маңыздылығын атап өтті.