«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Astana Hub-пен және Орталық Азия университетімен бірлесіп, Цифрлық климаттық хаб құру жөніндегі стартапымыз Париж келісімінің 6.8-бабы аясында БҰҰ КӨНК-нің нарықтық емес тәсілдер (NMA) платформасында тіркелгенін хабарлауға қуанышты! ![]()
![]()
Осы бастаманы қолдап, ілгерілеткені үшін БҰҰ КӨНК Хатшылығының Климаттың өзгеруін жұмсарту бөлімінің нарықтық және нарықтық емес тәсілдерді қолдау және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі менеджері Перумал Арумугам мырзаға және NMA командасына алғыс білдіреміз.
6.8-бапты іске асыру бойынша серіктестерді ынтымақтастыққа шақырамыз.


