КӨМІРТЕКТІ РЕТТЕУДІ ЖАҚСАРТУ

Осы жылғы 5 мамырда өткен «COP-26-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨМІРТЕКТІ РЕТТЕУ» дөңгелек үстелде Қазақстанның COP-26-ға дайындығы процесі және елдегі мен шетелдегі төмен көміртекті реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды. Іс-шара «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстандағы ЕО мен Дүниежүзілік банк өкілдіктерімен серіктестікте ұйымдастырылды.

Оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, шет елдердің елшіліктері, ЕО, ДБ, Ресейдің халықаралық сарапшылары, ғалымдар, бизнес және ҮЕҰ, ҚР Президенті жанындағы МБА-ның оқытушылары мен магистранттары қатысты. Барлығы 80-нен астам адам.

Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Әбіл және ЕО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің жетекшісі М. Мадалинский мырза құттықтау сөзбен ашты. Іс-шараның кіріспесінде модератор – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестін мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Б. Есекина COP-26-ға дайындық және Қазақстанның төмен көміртекті даму тұжырымдамасының жобасын әзірленуі туралы қысқаша ақпарат берді.

Талқыланған сұрақтар ретінде спикерлердің баяндамалары болды:

– Орталық Азия бойынша экология жөніндегі аға маман, Дүниежүзілік банк секторының басшысы Д.Б. Коллиер мырзаның Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту туралы ұлттық міндеттемелері және көміртекті реттеудің рөлі жайлы;

– «Carbon Lab» компаниясының бас директоры (Ресей) д-р М. Юлкинның ЕС-тың көміртек импортын реттеу механизмдері және оның Қазақстан мен Ресей экономикасына әсері туралы;

– ОДМ сарапшысы, PhD докторы Е. Қаражанның көміртекті реттеудің халықаралық тәжірибесі бойынша;

– «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның тең төрағасы, Назарбаев Университеті МБЖМ-ның докторанты Д. Ахметовтың Қазақстанның электр энергетикасын көміртексіздендіру мәселесі туралы;

– АХҚО төрағасының кеңесшісі/ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты А. Қожұмовтың Қазақстанда көміртекті реттеуді жетілдірудің басым бағыттары туралы.

          Пікірталас нәтижесінде дөңгелек үстелдің спикерлері мен қатысушылары төмен көміртекті реттеуді одан әрі жетілдіру және COP-26 бойынша Қазақстанның ұстанымын қалыптастыру бойынша ұсыныстар берді.