«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, АХҚО-ның халықаралық Жасыл Өрлеу Форумы аясында 2018 жылғы3-ші шілдеде»Баламалы (геотермалды) энергетиканы қаржыландыру тетіктері» тақырыбына панельдік сессия ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — Қазақстан Республикасында геотермалдық энергия көздерін дамытудың жай-күйі мен болашағын алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдардың қатысуымен сараптамалық талқылау.
Сессияны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл экономика» жөніндегі Кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Директоры Бахыт Есекина жүргізеді.
Сессияға ҚР Энергетика вице-министрі Болат Акшулаков пен Қазақстан Республикасындағы Португалияның Елшісі Аделино Силва мырза қатысып, құттықтау сөз сөйлейді.
Спикерлер ретінде KAZENERGY атқарушы директоры Талғат Қарашев,Arctic Green Corporation (Исландия) компаниясының бас директоры Сигстейн Грэторсон,USAID-тың «Болашақ энергиясы» жобасының өкілі Олег Рясков, Гидрометеорология жөніндегі директордың орынбасары, Камчатка (Ресей Федерациясы) геотермиялық маманы Сергей Спектор, ҚР Гидолгеология және гидрофизика институтының директоры Мәлік Әбсәметов және басқалар сөз сөйлейді.
Іс-шараныңқорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Дүниежүзілік банкпен бірге геотермалдық энергия саласында зерттеулер жүргізу және Геотермалдық энергетика бойынша сарапшылар қауымдастығын құру туралы ұсыныстар күтілді.
«БАЛАМАЛЫ (ГЕОТЕРМАЛЬДЫ) ЭНЕРГЕТИКАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ»
ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯНЫҢ
ҰСЫНЫМДАРЫ
ҚР Энергетика министрлігі, «Жасыл Академия» ҒБО, АХҚО, «KAZENERDGY» АҚ бірлесіп ұйымдастырған Сессия қатысушылары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары — Энергетика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, халықаралық ұйымдар — Дүниежүзілік банк, ЮСАИД, Франция, АҚШ, Португалия, Ресей Федерациясының елшіліктері, бизнес — «Атамекен» ҰКП, «Самрұқ-Энерго» АҚ, ҚР ЖЭК Қауымдастығы, Arctic Green Corporation (Исландия), Ecochoice (Португалия), ғылыми ұйымдар — Назарбаев Университеті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҒЗТУ Гидрогеология және гидрофизика институты, Гидроспецгеология институты (Ресей Федерациясы), Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, т.б. өкілдері, Париж климаттық келісімін және ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру аясында геотермальды энергетиканы дамытудың маңыздылығын мойындай отырып, ҚР Үкіметіне келесі ұсынымдар қабылдады:
1. Қазақстан Республикасы геотермальды энергетиканың маңызды әлеуетіне ие.
2. ЖЭК-пен қатар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен Қазақстанның энергия қауіпсіздігінің өсуіне ықпал ететін, термальды сулар бойынша ғылыми, технологиялық және іздеу зерттеулерін жүргізу елдің баламалы энергетикасын дамытуға мүмкіндік береді.
3. Энергетика министрлігіне халықаралық ұйымдармен — Дүниежүзілік банк, ЕҚЖБ, АХҚО, БҰҰДБ, т.б. — бірлесіп, ҚР-ның геотермальды энергетика әлеуетін бағалау бойынша зерттеу жобасына бастама жасауды тапсыру.
«Жасыл Академия» ҒБО-на ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, геотермальды энергетика бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен сарапшылар тобын құруды тапсыру.