ЭКСПО-2017 Халықаралық көрменің алаңында «Жасыл Көпір» Серіктестік бағдарламасын және Париж климаттық келісімін іске асыру мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 29-30 маусымында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрменің алаңында «Болашақ энергиясы» Форумының аясында «Жасыл Көпір» Серіктестік бағдарламасын Париж келісімін іске асыру үшін ілгерілету» атты халықаралық конференция өтті. Конференция «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері бойынша Комитеті және ҚР Ғылым және білім министрлігімен бірлесіп, Future Energy Forum-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Конференция модераторы ҚР Президентінің жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бахыт Есекина болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың жаһандық экологиялық бастамасы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі – ЖКСБ) бағыттарының бірі – климаттың өзгеруін тежеу үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту болып табылады. Осыған байланысты, конференция қатысушылары – ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ресей, Тәжікстан, Латвия, Польша, Португалия ғалымдары мен сарапшылары, бизнес-қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері – төмен көміртекті даму және «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі – ЖКСБ) мен Париж климаттық келісімін іске асыру мәселелерін талқылады.

Конференцияның бірінші күнін ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану жөніндегі Комитеттің мүшесі, депутат Бақытгүл Хаменова және Қазақстан Республикасындағы Германия Елшілігінің хатшысы, экономика бөлімінің басшысы Йонатан Вайнберг құттықтау сөзбен ашты. Конференцияда, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану жөніндегі Комитеттің мүшесі, депутат Мұрат  Бопазов сөз сөйледі.

 Конференция спикерлері «жасыл экономикаға» көшуде ЖКСБ-ның рөлі  (ЖКСБ әзірлеу бойынша Жұмысшы тобының жетекшісі Болат Есекин), Ресейде Париж Келісімін іске асыру тәжірибесі туралы (Жоғары экономика мектебінің Қоршаған орта және табиғи ресурстар экономикасы орталығының директоры Георгий Сафонов), ЕАЭҚ елдерінің тәжірибесі туралы (ҚР БҒМ ҒК Экономика  институты директорының орынбасары Наиля Нұрланова), Польшадағы көміртек саудалау тетіктері («ОCTANT Sp.zo.o» АҚ басшысы Павел Виктор) және Латвиядағы төмен көміртекті даму жобалары жайлы (Латвия Биогаз Ассоциациясының Басқарма Төрағасы, Латвия жаңартылатын энергия көздері федерациясының Басқарма мүшесі Андис Карклиньш), ЖКСБ-ны ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдардың рөлі туралы («Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» Халықаралық ұйымы» ЗТҚ басшысы Людмила Шабанова) презентациялар жасады. Бірінші күннің бағдарламасы LNEC (Португалия) өкілдері Дана Ғалиева мен Педро Х. Мартинс ұйымдастырған құрылыстың «жасыл» стандарттары бойынша тренингпен аяқталды.

Екінші күннің бағдарламасын Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен ашты. Қатысушылар ШСЖ-ны дамыту, көміртек ізін бағалау, Жасыл климаттық қаржыландыру және төменкөміртекті даму саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, энергия тиімділігін арттыру және су секторын жаңғырту, Астана қаласының мысалында инновациялар енгізу мәселелерін талқылады. Баяндамашылар болғанжар: «Жасыл даму» АҚ-ның ұлттық шығарындылар жүйесін реттеу департаментінің директоры Ботагөз Ахметова, тұрақты даму жөніндегі халықаралық сарапшы (Польша) Юстина Высоцка-Голец, Тәжікстанда климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша Пилоттық бағдарламасы Хатшылығының техникалық кеңесшісі, Жасыл климаттық қордың Хатшылығының мүшесі Анвар Хомидов, USAID-тің климаттың өзгеруін тежеу бойынша қазақстандық бағдарламасының жетекшісі Алексей Санковский, «Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар» институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтай Әлімғазин, «Sublemerito» АҚ басшысы, Қазақстанда LNEC өкілі (Португалия) Педро Х. Мартинс, «Аstana Innovations» АҚ қалалық технологияларды енгізу департаментінің директоры Бақытжан Уәлихан, Schlumberger/КазМунайГаз «KAZMI» БМ ЖШС директорының бизнесті дамыту бойынша орынбасары Берік Жаңқұбаев. Баяндамаларды талқылауды ҚР БҒМ Департамент директоры Рашиддин Көкенов қорытындылады.

Конференцияның қорытындысы бойынша Форум манифестіне қосу үшін жаһандық және ұлттық деңгейлерде Париж климаттық келісімін және ЖКСБ-ны іске асыру үшін ұсынымдар қабылданды.

Пікір үстеу