КС-28: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ

2023 жылғы 1 желтоқсанда сағат 13:30-15:30-да Орталық Азия павильонының алаңында «Орталық Азиядағы төмен көмiртектi дамудың әлеуетi мен стандарттары» тақырыбында Side event өттi. Iс-шараны «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бiрлесiп, ЕҚДБ және ЭЫДҰ SIPA жобасының қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шара көмiртектi реттеу және терең декарбонизациялаудың халықаралық механизмдары мен стандарттарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Side event қатысушыларының алдында: «ҚазМұнайГаз» Ұлттық

компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев, «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Раимбек Баталов, ЭӘДҰ SIPA жобасының менеджері Пелин Атамер – сөз сөйледі. Одан әрі ҚР Президентінің жанындағы жасыл экономика жөніндегі Кеңестiң мүшесi, «Жасыл Академия» ҒБО директоры Бақыт Есекина көміртекті реттеу саласындағы халықаралық сарапшыларға сөз берді: Орнықты даму институтының директоры д-р Хенри Вайсманға (IDDRI, Франция), Жаhандық көмiртек альянсының қалаушысы, «Aequilibria» компаниясының директоры Даниэль Перниготтиге (Италия) және көмiртек нарығы саласындағы сарапшы Айгүл Мағазоваға. Олар ұлттық экономиканы терең декарбонизациялау стратегияларын әзірлеу бойынша зерттеу нәтижелері, ISO-14068 – Көмiртектi бейтараптылық стандарты мен «Парниктік газдар. Валидация және верификация саласындағы сарапшыларды сертификаттау талаптары» бiрiншi ұлттық стардартының жобаларымен таныстырды.

Баяндамаларды талқылауға ЕҚДБ Климаттық саясат және өңiрлiк ынтымақтастық департаментінің директоры Ян Виллем Ван де Вен, БҰҰ КӨНК сарапшысы Алексей Кокорин (Ресей), ҚР Парламенті Мәжiлiсiнiң Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Айжан Сқақова, «Атамекен» ҰКП Орнықты даму және ESG Кеңесiнiң төрағасы Юлия Якупбаева, ESGQ Агенттігінің директоры д-р Ерлiк Қаражан қатысып, климаттық реттеудi жетiлдiру мәселелері мен механизмдерінiң, оның iшiнде Қазақстан экономикасының нақты секторын корпоративті басқару процесіна ESG стандарттары мен принциптерін интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, iс-шараның соңында «Жасыл Академия» ҒБО (Қазақстан) мен «Aequilibria» (Италия) компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Iс-шараға гибридті форматта КС-28 делегаттары, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түркменстан және Монғолия сарапшылары, халықаралық ұйымдардың, талдау орталықтарының, бизнес пен ҮЕҰ өкілдері қатысты.