«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және ҚР ЕО өкілдігімен бірлесіп, «АМТ» АҚ қолдауымен 2023 жылғы 17 ақпанда Теміртау қаласында «МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНЕРКӘСІБІН ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ESG» тақырыбында гибридті форматта дөңгелек үстел өткізеді.
Іс-шараның мақсаты — металлургия өнеркәсібін декарбонизациялаудың халықаралық тәжірибесін талқылау және 2060 жылға дейінгі ҚР көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жоспарына ұсыныстар әзірлеу.
Іс-шара жұмысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ЕО елшілігінің, ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, АММК, халықаралық және ұлттық сарапшылардың, ҮЕҰ өкілдері қатысады.
Дөңгелек үстел Теміртау қаласы, 4-Республика, «STEEL» қонақ үйінің залында өтеді.
Бағдарлама жобасы: https://disk.yandex.kz/i/zCFrJnkDo-4bOg
Қатысушыларды тіркеу: https://us06web.zoom.us/…/reg…/WN_QyD8hcuBRuq2BKJNk51juA
12.00 дейін, 16.02.2023
Байланыс: WhatsApp + 77011116771 (Гаухар), gaukhar.smagulova@arcelormittal.com
+77058714444 (Найля ), info@green-academy.kz