Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

2021 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметін кәсібилендіру: саясат, практика және сын-қатерлер» халықаралық конференциясы өтеді. Конференцияны ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебі түлектерінің Қауымдастығы ұйымдастырады.

Іс-шара ҚР мемлекеттік қызметін жаңғырту және Мемлекеттік басқару тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мәселелерін талқылау мақсатында өткізіледі. Конференцияның қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және басқарушы кадрларды даярлауға байланысты ұсынымдар қабылдау жоспарлануда.

Өтетін орны: Абай көшесі, 33 а, ҚР Президенті жанындағы АМУ дөңгелек залы

Басталуы: 10.00 сағ.

Қосылу сілтемесі: http://undp.zoom.us/j/87811737293?pwd=VFFUSVYwUOIRSXI1d1pDRjhTSStCZz09