КЛИМАТТЫҚ ДИАЛОГ: СОР-28 ЖӘНЕ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

Давос қаласындағы Дүниежүзілік Экономикалық Форум климаттық дағдарысты қазіргі заманның басты сын-тегеуріндерінің бірі ретінде белгіледі. Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылдың қараша айының соңында Дубай (БАӘ) қаласында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы бойынша климаттың өзгеруі жөніндегі Тараптардың 28-ші конференциясы өтті, онда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстанның ұлттық климаттық міндеттемелерді орындауға және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға бейілділігін растады.

Осыған орай, «Жасыл Академия» ҒБО ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, SECCA (ЕО) және Tetra Tech (ЮСАИД) жобасының қолдауымен 2024 жылғы 26-27 қаңтарда «СОР-28 қорытындылары және Қазақстан Республикасында көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұсынымдар» тақырыбында гибридті форматта дөңгелек үстел өткізеді. Іс-шара аясында келесі бағыттарды талқылау жоспарлануда: 1) СВАМ енгізу жағдайында шығарындылар мониторингін, есептілігін және сертификаттауды жетілдіру;2) аукциондарды өткізуді ескере отырып, ЖЭК және ШСЖ дамыту келешегі; 3) ҚР өнеркәсібінде энергия тиімділігін арттыру; 4) Париж келісімінің 6-бабы бойынша Ұлттық кеңсе құру және климаттық қаржыландыру; 5) метан шығарындыларының мониторингі мен есебін жетілдіру; 6) аграрлық секторды көміртексіздендіру; 7) ҚР Үкіметіне көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл жоспарына ұсыныстар әзірлеу.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және ҮЕҰ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бағдарлама жобасы: https://disk.yandex.kz/i/FZ1Xtp8f6MIgaQ

Онлайн-қатысушылар үшін сілтеме: https://us02web.zoom.us/…/tZUucu2vpjkrH9wQOfBqzw5y6ZbjM…

Анықтама телефоны: +77053071126, +77059195839