ЭКОНОМИКАНЫ ДЕКАРБОНИЗАЦИЯЛАУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ

2023 жылғы 19 сәуірде сағат 10:00-да «Жасыл Академия» ҰОО, ҚР ҒЖБМ және Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-мен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының өндіруші өнеркәсібі үшін декарбонизация сценарийлері» тақырыбында гибридті форматта консультативтік семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жоспарын дайындау үшін өндіруші саланы декарбонизациялау бағыттарын талқылау, сондай-ақ стратегияны іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеу.

Семинар жұмысына ҚР ҒЖБМ, ҚР ҰҒА өкілдері, ғалымдар, ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысады.

Өтетін орны: Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Конференц залы

Бағдарлама: https://disk.yandex.kz/i/BMnN7ZGSUrlROw

Байланыс нөмірі: +77017231634 / +77058714444

Байланыс сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/89040768519?pwd=Tnh3VkdBY3JHclNPUEkya0I4TVkyUT09