Қазақстандағы климаттық заңнаманы және көміртекті реттеуді жетілдіру

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығымен БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізу және Париж Келісімін іске асыру мақсатында 2023 жылғы 2 ақпанда ҚР-ның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясы (бұдан әрі — Стратегия) бекітілді.

Осы Стратегияны іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің практикалық іс-қимыл жоспарын (Жол картасы) әзірлеу мақсатында «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ЕО-ның ҚР-дағы Делегациясының және ЭЫДҰ SIPA жобасының қолдауымен 2024 жылғы 1 наурызда Астана қаласында мемлекеттік органдар басшыларының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен «Қазақстандағы климаттық заңнаманы және көміртекті реттеуді жетілдіру» тақырыбында Сараптамалық семинар өткізеді

Іс-шараның мақсаты ҚР Үкіметіне Стратегияны іске асыру жөніндегі Жол картасы жобасына ұсынымдар әзірлеу және ұлттық климаттық міндеттемелерді орындауды ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларын нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Семинар жұмысына ЭТРМ, ЭМ, ҰЭМ, CРИМ, СИМ басшылары, ҚР Парламенті депутаттары, ЕО-ның ҚР-дағы делегациясы, Дүниежүзілік банк, БҰҰДБ, ЭЫДҰ, ҰКП, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ғалымдар, салалық бизнес-қауымдастықтар мен ҮЕҰ қатысады деп күтілуде.

       Бағдарлама жобасы

       Тіркеу 29.02.2024 дейін

       Анықтамалар + 77053071126 тел. бойынша

      info@green-academy.kz

Тақырыбы: САРАПТАМАЛЫҚ СЕМИНАР Қазақстандағы климаттық заңнаманы және көміртекті реттеуді жетілдіру

Уақыты: 1 наурыз 2024 10: 00

Байланыс: Михаил (WhatsApp) + 7 705 3071126

Конференцияға қатысу үшін алдын ала тіркеліңіз:

https://us02web.zoom.us/meeting/register/tZYvce-sqzMvHdQMO7ZW0M3njlOhhULYJiZj

Тіркелгеннен кейін сіз қатысуды растайтын хат арқылы конференцияға кіру туралы ақпаратты аласыз.