АСТАНАДА КЛИМАТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК НЕГІЗДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2024 жылдың 6 қыркүйекте Астана қаласындағы «Аманат» Партиясының Орталық Аппаратында «COP-29: 6-бапты іске асырудың нормативтік негіздері

және қазақстан үшін ұсынымдар» тақырыбында Дөңгелек Үстел өтті. Оның ұйымдастырушылары ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, SIPА/ЭЫДҰ жобасының қолдауымен «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы болды.

Іс-шара мақсаты Қазақстанның көміртегі бейтараптығы Стратегиясына қол жеткізу шеңберінде COP-29 бағдарламасын және 6-бап бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеу перспективаларын талқылау.

Іс-шараға гибридтік форматта ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің депутаттары, ҚР ЭТРМ, ҚР ӨҚМ, ҚР ЭМ, ҚР СІМ басшылары, «Аманат» партиясының экологиялық кеңесі, халықаралық ұйымдар – ЕО, ЕҚДБ, Франция-Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп Палатасы, SIPA/ЭЫДҰ, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ, іскерлік бірлестік өкілдері қатысты.

Сессияға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлегендер: ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Арман Қалықов, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев.

Іс-шараның модераторы ретінде ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл академия» ҒББО директоры д-р Бахыт Есекина сөз сөйледі.

Баянадама оқығандар:

Мачей Адам Мадалинский, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары (JETP және Қазақстанға ұсынымдар);

Георгий Сафонов, ЭЫДҰ SIPA жобасының сарапшысы (6-бап және Орталық Азия елдерінде көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ынтымақтастық механизмдері);

Талғат Қарашев, ҚР Энергетика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (Қазақстанда GMP іске асыру бағыттары)

Тұрар Жолмағамбетов, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары (Қазақстанның өнеркәсіп секторындағы энергия тиімділігінің өсуі);

Олег Плужников, «Perspectives» АҚҰ кеңесшісі (Вьетнамның 6-бап бойынша Ұлттық жоспарды әзірлеу тәжірибесі).

Дөңгелек үстелге қатысушылар ұлттық және халықаралық сарапшылар ұсынған баяндамаларды талқылап, келесі ұсыныстарды қабылдады:

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған шығарындылар мониторингін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру саласында Жол картасын қалыптастыру қажеттілігін ескере отырып, ел Үкіметіне:

1.1 Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялары мен жоспарларына көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі шараларды интеграциялау.

1.2 Сандық технологияларды енгізу арқылы парниктік газдар шығарындылары жөніндегі Ұлттық жоспарға енгізілген салалар деңгейінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің негізгі көздерін түгендеудің қолданыстағы жүйесін жаңғырту.

1.3 Көміртегі нарығына қатысушылардың жауапкершілік нормалары мен сертификаттауға қойылатын талаптар шығарындыларды валидациялау мен верификациялаудың қолданыстағы ережелеріне және экологиялық кодекстің тиісті нормаларына енгізу.

1.4 2024 жылғы қарашада БҰҰ КӨНК өткізетін БЖБ-29 шеңберінде келіссөздерге дайындық мақсатында ҚР ЭТРМ Баку қаласында халықаралық ұйымдардың қолдауымен экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитетпен бірлесіп 6-бап бойынша нормативтік негіздер мен іс-қимыл жоспарын әзірлеу.

1.5 осы бапты іске асыру мақсатында ҰКП — мен бірлесіп халықаралық өлшемшарттарға сәйкес инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру

• базалық салаларда парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша;

• орман алқаптары мен экожүйелердің СО2 сіңуін арттыру бойынша.

1.6 Стратегиялық жоспарлау жүйесіне СЭБ (Стратегиялық Экологиялық Бағалау) тетіктерін енгізу жөніндегі ҚР Экологиялық Кодексінің 51-60-бабын іске асыру мақсатында көміртекті реттеу және климаттық саясат тәсілдерін ескере отырып, орталық және жергілікті басқару органдарының басшылары үшін оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу бойынша БҰҰ ЕЭК және ЭЫДҰ-ға жүгіну ұсынылады.

email: info@green-academy.kz