АСТАНАДА СОР-30 ҚАРСАҢЫНДА КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстанда көміртекті инвестициялау үшін климаттық заңнаманы жетілдіру» тақырыбында Сараптамалық семинар өтті, оны «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ЭЫДҰ мен SIPA/IDDRI (Франция) жобасының қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – көміртекті инвестициялауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне ұсыныстарды талқылау болды.

Сессия қатысушыларына құттықтау сөз сөйлегендер: Бауржан Смағұлов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің Хатшысы, Йоханнес Баур, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Делегациясының ынтымақтастық бөлімінің басшысы, Мансұр Ошурбаев, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Асферачев Абате, Орталық Азиядағы экологиялық жобаларының үйлестірушісі, Дүниежүзілік банк.

«Қазақстан Республикасында көміртегі бейтараптығына қол жеткізу аясында климаттық заңнаманы жетілдіру бағыттары» атты бірінші сессияның модераторы ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, д-р Бахыт Есекина болды.

Қатысушыларға келесі баяндамалар ұсынылды:

— ҚР-да ESG және жасыл қаржыны ілгерілету бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметі (Мария Хаджиева, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары);

— Бонн қаласындағы КҒӨШК конференциясының қорытындылары және Қазақстанға 6.4–6.8-баптар бойынша ұсынымдар (Алексей Кокорин, «Табиғат адамдар» қоры, халықаралық сарапшы);

— Қазақстанда көміртегі нарығын дамытуға арналған ұсыныстар (Әсел Нұрахметова, АХҚО, көміртегі платформасының директоры).

«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне ұсыныстар» атты екінші сессияның модераторы – Юлия Якупбаева, «Атамекен» ҰКП жанындағы Тұрақты даму және ESG кеңесінің төрағасы болды.

Қатысушыларға келесі баяндамалар ұсынылды:

— Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарлауын жетілдіру (Пелин Атамер, ЭЫДҰ-ның халықаралық климаттық әрекеттер бағдарламасының басшысы / Георгий Сафонов, IDDRI (Франция) аға сарапшысы);

— Қазақстан Республикасының көміртегі жобаларын халықаралық көміртегі нарықтарына (VCM, 6-бап) интеграциялау шаралары (Досым Қыдырбаев, «Rakurs Consulting Group» ЖШС басқарушы директоры);

— Қазақстанның көміртекті несиелеу саласындағы әлеуеті (Олег Плужников, 6-бап бойынша сарапшы, Climate Strategy (Ұлыбритания)).

Пікірталас барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ажар Сагандыкова, Нұржан Әшімбетов, Қазақстанның «EcoJer» қауымдастығының бас директоры Рустем Кабжанов, ҚР ЭТРМ климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Шаттық Тастемірова, Орталық Азиядағы «Valor Carbon» компаниясының директоры Нуржан Аспандияр және басқалар сөз сөйледі.

Қорытынды бөлімде тұрақты, жасыл және климаттық инвестициялар мен технологияларды тарту саласында жүйелі жұмыс жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды. СОР30 қарсаңында көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі Жол картасын қабылдау үдерісін жеделдету және жүйелі жұмыс жүргізу үшін Климаттық саясат жөніндегі агенттік құру мәселесін қарастыру ұсынылды.Семинарға 80-нен астам адам гибридті форматта қатысты.

📧 Email: info@green-academy.kz