«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, халықаралық серіктестердің – Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ISTC), ОАУ, «Караван Инфо» ақпарат агенттігінің қолдауымен 2026 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында өткен Аймақтық экологиялық саммит (АЭС) аясында «Өңірлік климаттық шешімдерді әзірлеудегі академиялық және ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыбында панельдік сессияны ұйымдастырды.
Сессияның мақсаты Орталық Азия ғалымдары мен сарапшыларының климаттың өзгеруі саласындағы зерттеулерін талқылау болды, әсіресе климаттық тәуекелдердің артуы, су қауіпсіздігі, мұздықтардың еруі және экожүйелердің деградациясы контекстінде. Экологиялық және климаттық қауіпсіздікті қолдау, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, ғылымды, инновацияларды және цифрлық дағдыларды дамыту арқылы климаттық және экологиялық шешімдерді қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Сессия қатысушылары алдында құттықтау сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев мырза, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі Салли Эксуорси ханым, Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының төрағасы доктор Джим Скеа, сондай-ақ Женевадағы БҰҰ кітапханасы мен архивінің директоры Шарлотта Варакауле ханым.
Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер:
• Д-р Мухаммад Икбал Чоудхари (COMSTECH) (Халықаралық ғылыми желілердің климаттық мәселелерді шешудегі рөлі);
• Д–р Кристофер Гэрри, ОАУ Ректоры (Өңірлік климаттық инновациялық-эксперттік әлеуетті қалыптастыру);
• Д–р Бахыт Есекина, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жасыл экономика кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының директоры (Көміртекті нарықты институционалдық қолдау және Ұлттық климаттық инвестициялар жоспары);
• Карина Ангелиева ханым, ХҒТО (ISTC) атқарушы директоры (Ғылыми деректер мен халықаралық зерттеу желілерінің климаттық технологияларды алға жылжытудағы рөлі);
• Питер Либельт мырза, Германия Федералды зерттеулер, технологиялар және ғарыш министрлігінің Орталық Азиядағы тұрақты даму офисінің директоры, Патриция Романовски ханым (Германияның климат өзгерісін және өңірлік экожүйелерді реттеудегі тәжірибесі);
• Д-р Вужин Ли, Назарбаев Университетінің профессоры (Орталық Азиядағы климаттың өзгеру сценарийлері үшін көміртекті ұстап алу, пайдалану және сақтау (CCUS) жөніндегі ғылыми зерттеулер).
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, мемлекеттік органдар, экология, климат және гляциология саласындағы университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, сондай-ақ бизнес және ҮЕҰ өкілдері; Орталық Азия елдерінің ғылыми және академиялық қауымдастығының, шетелдік үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың және зерттеу орталықтарының өкілдері, оның ішінде КӨЖҮТ, COMSTECH, ОАУ, CASIB, ХҒТО және НУ өкілдері қатысты.
Сессия Орталық Азиядағы климаттық хабты құруға бағытталған жаңа ғылыми ынтымақтастық форматтарын, инновациялық жобаларды дамыту және бастамаларды іске қосу үшін бастапқы нүкте болды. Бұл хаб ғылым, технологиялар және экологиялық саясатты шешім қабылдау процесінде интеграциялауға бағытталған.
Іс-шараның қорытындысында «Жасыл Академия» ҒББО мен COMSTECH (OIC), УЦА, Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардан қауіп-қатерді азайту орталығы (ТЖжТАҚАО) арасында өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы бірлескен зерттеулер жүргізу және Париж келісімінің 6-бабына сәйкес жобаларды әзірлеу мақсатында меморандумдарға қол қойылды.
Іс-шараға гибридті форматта 100-ден астам адам қатысты.
Сессияны ақпараттық қолдауды «Караван Инфо» АА қамтамасыз етті.
info@green-academy.kz








