Астанада көміртегі менеджменті стандарттары бойынша  тренинг аяқталды.

2022 жылғы 14 қарашадан 18 қарашаға дейін Астанада EBRD мен OECD-ның SIPA жобасының қолдауымен «Green Academy» ҰОО-мен МТИ КТРМ бірлесіп ұйымдастырған стандарттар бойынша алғашқы кәсіби тренинг өтті.

Тренингтің модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҰOО директоры, профессор Бақыт Есекина болды.

Оқытуды Даниэль Перниготти (Италия) негізін қалаған Aequilibria мамандандырылған консалтингтік компаниясының сарапшылары жүргізді.

Тренинг жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің, АСПИР, МТИ, ҰЭМ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, KAZENERGY, мұнай-газ және тау-кен өндіруші компаниялар мен еліміздің жоғары оқу орындарының көміртекті реттеу саласындағы жетекші сарапшылары қатысты.

Тренингке қатысушылар ISO көміртегі стандарттары саласындағы СОР-27 шешімдерімен, көміртегі ізін бағалау әдістемесімен (ISO 14067), ұйыммен (ISO 14064), парниктік газдар шығарындыларын валидациялау бойынша (ISO 14064-3, ISO 14065, ISO 17029) және жаңа ISO стандарттарын әзірлеу перспективаларымен танысты.

Тест пен ауызша емтиханды сәтті тапсырған тренингке қатысушылар CEPAS / ISO 17024 бойынша аккредиттелген сертификаттарға ие болады.

Іс-шарадан фотосуреттер: https://drive.google.com/drive/folders/1kv183Vn4TR0jXaw73PdQWiff9mObnVVt?usp=sharing

info@green-academy.kz

www.green-academy.kz