Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.С. Құрмалаев бастаған Қазақстан делегациясы 2026 жылғы 18–19 маусымда Бішкек қаласында өтіп жатқан «Орталық Азиядағы таулар, климат және денсаулық» халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасы, м.ғ.д., Э.А. Байжүнісов; С.Ж. Галиев, Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтының құрметті директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі кеңестің мүшесі, э.ғ.д., профессор, «Жасыл академия» ҒБО директоры Б.К. Есекина кірді.

Конференцияның ашылуында құттықтау сөздермен Орталық Азия университетінің ректоры, профессор Кристофер Дж. Герри; Қырғыз Республикасы Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрінің орынбасары Алмаз Мусаев; Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев; ханзада Әли Мұхаммед Ага Хан; AKDN Даму желісінің Қырғыз Республикасындағы тұрақты өкілі д-р Баркат Фазал сөз сөйледі.

Пленарлық отырыс барысында климаттың өзгеруінің тау экожүйелеріне және халық денсаулығына өсіп отырған қауіптері атап өтіліп, Орталық Азия елдерінің климаттық тұрақтылығын арттыру үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың қажеттілігі айтылды.

«Климаттық тұрақтылық пен халық әл-ауқатын қамтамасыз етудің өңірлік басымдықтары» атты дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар мен апаттар тәуекелін азайту орталығының Тұрақты мемлекетаралық органының директоры Жергалбек Укашев; Қырғыз Республикасы Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінің Экологиялық және климаттық саясат бас басқармасының бастығы Айзада Бариева; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов баяндама жасады.

Э.А. Байжүнісовтың климаттың өзгеруінің халық денсаулығына әсерін бағалау жөніндегі баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.

Конференция қорытындысы бойынша климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы ғылыми зерттеулерді жетілдіруге, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Орталық Азияда Климаттық цифрлық хаб құруға бағытталған резолюция қабылдау жоспарлануда.

Іс-шараның ақпараттық қолдауын Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі және «Караван Инфо» АҚ қамтамасыз етуде.

📧 info@green-academy.kz

🌐www.green-academy.kz