КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ӘЛЕУЕТІ

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Ұлыбританияның ҚР-дағы Елшілігі мен Орталық Азия Университетінің қолдауымен 2026 жылғы 17 қыркүйекте Астана қаласындағы Astana Hub алаңында «КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ӘЛЕУЕТІ» тақырыбында Сарапшылар диалогын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – өндірісті декарбонизациялау және Қазақстанның жаһандық көміртегі нарығына кірігуі үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану әлеуетін талқылау.

Диалог аясында келесі бағыттар бойынша пікір алмасу өтеді:

– Климаттық тәуекелдер және тұрақты инфрақұрылым;

– Мұнай-газ және тау-кен секторларындағы цифрлық технологиялар;

– Париж келісімінің 6-бабы бойынша цифрлық инфрақұрылым мен платформалар;

– Data орталықтары мен жасанды интеллект инфрақұрылымы;

– Климаттың өзгеруіне бейімделу үшін ЖИ мен цифрлық технологияларды зерттеу бойынша халықаралық ынтымақтастық.

Іс-шараға ЭТРМ, ӨҚМ, ЭМ, ҒЖБМ, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК, UNFCCC, Дүниежүзілік банк, ЭЫДҰ, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (LSE), ОАУ, ISTC, CASIB, Global ESG, «Атамекен» ҰКП басшылары мен өкілдерінің, ҚР жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің және т.б. қатысуы күтілуде.

ЖИ мен цифрлық технологияларды пайдалану мәселелері талқыланады:

– Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін цифрлық инновациялық хаб құру шеңберінде климаттық проблемаларды шешу және инновациялық технологияларды ілгерілету;

– мұнай-газ секторындағы парниктік газдар шығарындыларына цифрлық мониторинг жүргізу;

– тау-кен өнеркәсібі үшін цифрлық ESG платформасын құру;

– көлік үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту және т.б.

Диалог қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне ел экономикасын декарбонизациялау үшін ЖИ мен цифрлық технологияларды пайдалану және СОР-31 (Анталья, Түркия) алаңында ұлттық павильонды іске қосуға дайындық жүргізу жөнінде ұсынымдар қабылдау жоспарланған.

📅 Күні: 2026 жылғы 17 қыркүйек, сағат 10:00-ден 16:30-ға дейін

📍 Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/1, Astana Hub, конференц-залы, 6 қабат

📄Бағдарлама: https://disk.yandex.kz/i/NE4Wf1Si7KBjKQ

🖥️Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/P6S3uLzfUXC9nBLX8

📞Байланыс: +7 (7172) 27 72 93; WhatsApp: +7 701 521 04 09, +7 702 709 31 96

📧info@green-academy.kz

🌐www.green-academy.kz