16.05.22 ж. ҚР ҰЭМ Экономикалық зерттеулер институтында 2060 жылға дейін ҚР көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын (СНУР) дайындау процесін талқылау бойынша Сараптамалық кеңес өтті. Кеңеске ҰЭМ, ЭГТРМ, ИИДМ, СИМ, ЕҚДБ, ЭЫДҰ, ҚДБ, ҰКП, KAZENERGY, ҚАЗСТАНДАРТ, QASINDUSTRY, ECOJER, Жасыл даму, ҚМГ, ERG, ЕҰУ, АҰҒК, NCOC және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Сарапшылар Стратегия құрылымын талқылап, бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтты. Атап айтқанда, офф/онлайн режимінде жүйелі негізде сараптамалық талқылаулар өткізу және Telegram chat құру ұсынылды. Стратегия құрылымына ұсыныстар 20 мамырға дейін қабылданады: info@green-academy.kz
Презентация: https://green-academy.kz/wp-content/uploads/2022/05/ERI-po-Strategii-13-05-2022.pdf