КӨМІРТЕКТІ РЕТТЕУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ

2024 жылдың 1 наурызында Астана қаласында мемлекеттік органдар басшыларының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен «Қазақстандағы климаттық заңнаманы және көміртекті реттеуді жетілдіру» тақырыбында сараптамалық семинар өтті, оның ұйымдастырушылары ЭЫДҰ SIPA, SECCA (ЕО) және GIZ жобаларының қолдауымен «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі болды.

Іс-шараның мақсаты ҚР Үкіметіне Стратегияны іске асыру жөніндегі жол картасы жобасына ұсынымдар әзірлеу және ұлттық климаттық міндеттемелерді орындауды ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларын нормативтік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

Іс-шараға гибридті форматта орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты: СЖЖРА, ЭТРМ, ЭМ, ӨҚМ, СИМ, СРИМ, АШМ; халықаралық ұйымдардан – ЕО, Дүниежүзілік Банк, ЮСАИД, ЭЫДҰ(SIPA), GIZ, БҰҰ-ның КӨНК делегациялары, АҚШ Елшілігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық палатасы, Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Ғұмырбек Дәукеев атындағы ЭжБАУ, «Қазстандарт» РМК, «Жасыл Даму» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, АХҚО, «Атамекен» ҰКП, «ҚТ» АҚ, «Казатамопром» АҚ, ТМКҚ, ECOJER, KAZENERGY, Экологиялық ұйымдары қауымдастығы, ERG, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ және бизнес-құрылымдар.

«ҚР-да көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағыттары» семинары бірінші сессиясының модераторы ретінде ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒББО директоры д-р Бахыт Есекина сөз сөйледі. Семинарға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлегендер: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина, ҚР ЕО делегациясының саясат бөлімінің басшысы Мачей Мадалински, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев, ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Өшірбаев.

Баяндама оқығандар:

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов (Қазақстанда көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу бағыттары).

Болат Бекнияз, ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі (ҚР Су ресурстарын дамыту тұжырымдамасы туралы)

Жаслан Касенов, ҚР ЭМ ЖЭК Департаментының директоры ВИЭ МЭ РК (Қазақстанда ЖЭК және геотермалдық энергетиканы дамыту перспективалары);

Др. Айжан Скакова, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық палатасының мүшесі (Климаттың өзгеруінің суды пайдалану тиімділігіне әсері);

«ҚР-да климаттық заңнаманы жетілдіру» тақырыбындағы екінші сессияның модераторы болып сөз сөйлегендер: Сергей Пономарев, , ҚР Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі Комитетінің депутаты / Антон Цветов, БҰҰ КӨШК бақылаушы, климат саясаты бойынша сарапшы.

Екінші сессияда баяндама оқығандар:

Паата Джанелидзе, Топ жетекшісі және негізгі сарапшысы, Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыс» жобасы (SECCA) (ЕО-дағы парниктік газдарды реттеу туралы заңнама);

Пелин Атамер, SIPA жобасының координаторы/ Родриго Пизаро, ЭЫДҰның климаттық іс-қимылдар жөніндегі халықаралық бағдарламасының басшысы (Еуропалық ШСЖ-дағы көміртегі бағасын белгілеу және реформалар);

Даниэле Перниготти, ISO сарапшысы/ Aequilibria Srl. директоры (Көміртек бейтараптығына қол жеткізу саласындағы ISO стандарттары);

Аскар Ементаев, «Жасыл Даму» АҚ, Басқарушы директоры (ШСЖ жетілдірудің бағыттары және орман жобаларын іске асыру).

Ұсынылған баяндамаларды талқылауға ҚР Парламентінің депутаттары, ЭТРМ, бизнес-қауымдастық, ҚР ЖОО, ҒЗИ, халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

Сараптамалық семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жобасын қабылдады.

Іс-шараның бейнежазбасы: https://dropmefiles.com/zbFx9

Youtube: https://youtu.be/iBvbhSJicm8?si=qVtacDwKGqewkCuE