Ақылды, тұрақты және төмен көміртекті қалалар үшін блокчейн

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Астана қаласы Әкімдігі мен Evercity(Сингапур) компаниясымен бірлесіп, «Global Silk Road. Қалалар мэрлерінің Форумы» аясында 2018 жылғы шілдеде «Ақылды, тұрақты және төмен көміртекті қалалар үшін блокчейн» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырады.

Іс-шараның мақсаты — Париж климаттық келісімін іске асыру шеңберінде төмен көміртекті даму саласындағы халықаралық тәжірибемен танысу және blockchain платформасын энергия тұтыну және қала кәсіпорындарының парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін пайдалану.

Сессия модераторлары FinTech4Good, UN ESCAP Digital Economy Task Force президенті Cяочен Занг мырза және ҚР Президенті жанындағы «жасыл экономика» жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, профессор Бахыт Есекина болады.

Спикерлер ретінде ITUUN электр байланыстарды стандарттау бюросының (Швейцария) директоры Чхе Суб Ли, «Русский углерод» Қорының (Ресей Федерациясы) басшысы Алексей Шадрин, Жоғары экономика мектебінің Қоршаған ортаны қорғау орталығының (Ресей Федерациясы) директоры Георгий Сафонов, тағы басқалар сөз сөйлейді.

Талқылау қорытындысы бойынша ұлттық және қалалық деңгейлерде парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін блокчейн платформасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне, Астана қаласы Әкімдігіне және Қазақстанның басқа қалаларына ұсыныстар қабылдау жоспарлануда.

Сессия барысында ITUUN мен Астана қаласы Әкімдігі арасында орнықты даму және әлемнің «ақылды» қалаларының халықаралық клубына кіру көрсеткіштерін әзірлеу туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Өткізу орны: Астана қ., Бейбітшілік Сарайы,

Өтетін күні мен уақыты: а.ж. 2 шілде, сағ. 14.00-17.00.

Байланыс: Астана қ. тел.: +7 (7172) 277293, 277294, 277295 (Тоғжан Зұлхарова)