АСТАНА ҚАЛАСЫНДА БИЗНЕСТІ КЛИМАТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

2026 жылғы 5 наурызда Астанада, «KAZENERGY» қауымдастығының конференц-залында «Қазақстан Республикасы бизнес секторларын көміртексіздендіру мақсатында климаттық қаржыландыруды тарту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны «Green Academy» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) жобасының қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — ұлттық компаниялар мен бизнес-құрылымдарды Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде іске асырылатын климаттық жобаларға қойылатын халықаралық талаптар туралы ақпараттандыру болды.

Құттықтау сөз сөйлегендер: Ажар Сағандықова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; Сәуле Сәбиева, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры; Жаныл Бозаева, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бағдарламалар үйлестірушісі.

Семинардың модераторы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі кеңестің мүшесі, «Green Academy» ҒББO директоры, д-р Бақыт Есекина болды.

Төмен көміртекті дамудың жаһандық үрдістері мен көміртек нарықтарының халықаралық тетіктеріне арналған бірінші сессия барысында мына спикерлер баяндама жасады: д-р Георгий Сафонов (IDDRI), д-р Олег Плужников (DEXA), Нуржан Аспандияр (Valor Carbon), Супанут Чотевитайатаракорн (A6IP).

Семинардың екінші бөлігінде сарапшылар Қазақстанның Париж келісімі-нің 6-бабын іске асыруға институционалдық дайындығы және көміртек нарығының халықаралық тетіктерін жаңартылған ұлттық климаттық міндеттемелерге (ҰДАҮ 3.0) интеграциялау мәселелерін қарастырды. Баяндамалармен Дана Касенова («Жасыл даму» АҚ), Сабыр Асылбеков (Дүниежүзілік банк), Аяо Мурата (БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы), Грета Добрович, Елена Марчетти (FAO) сөз сөйледі. Спикерлер Досым Қыдырбаев («Rakurs Consulting Group» ЖШС), Рокко Хуесч (Valor Carbon), Сергей Киселев (SEFE) «Жайылым көміртегі, орман және энергетикалық жобалар» тақырыбында практикалық кейстерді ұсынды.

Пікірталаста сөз сөйлегендер: Волошин О. («ҚТЖ» ҰК» АҚ), Фоломеев Ф. («Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ), Бакдолотов А. (БҰҰДБ), Карабаева А. (ФАО) және басқалар.

Семинарға қатысушылар Қазақстанның халықаралық көміртек нарықтарына қатысуы үшін институционалдық және нормативтік-құқықтық базаны одан әрі дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ төмен көміртекті даму жобаларына инвестициялар тарту мақсатында мемлекет, бизнес және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Гибридтік форматта ұлттық экономиканың түрлі секторларынан барлығы 85-тен астам өкіл қатысты.

📧info@green-academy.kz

🌐www.green-academy.kz