2024 жылдың 10 мамырында Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-де мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен «Қазақстан экономикасының базалық салаларындағы ESG интеграциясының басымдықтары» тақырыбында сараптамалық семинар өтті, оның ұйымдастырушылары ЭЫДҰ SIPA жобасының қолдауымен «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ болды.
Іс-шараның мақсаты тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп кешендеріндегі кәсіпорындарда ESG қағидаттарын интеграциялау бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар әзірлеу болды.
Іс-шараға гибридті халықаралық және ұлттық сарапшылар, Қазақстандағы жоғары оқу орындар мен ғылыми-зерттеу институттардың, оның ішінде Д. Қонаев атындағы ТКІИ, Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ, ҚарИУ, басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы, ұлттық компаниялардың өкілдері, бизнес-қауымдастықтар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Семинардың модераторы ретінде ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒББО директоры д-р Бахыт Есекина сөз сөйледі. Семинарға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлегендер: Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ ректоры, ХАА академигі, э.ғ.д. проф., Сәуле Сағынтаева және Қарағанды қаласының әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Мурат Токбаев.
Баяндама оқығандар:
Алена Романова, GPI group атқарушы директоры (Экономика салаларында ESG енгізу практикасын зерттеу тұжырымдамасы);
Др. Сейітғали Ғалиев, Д. Қонаев атындағы ТКІИ, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (ESG факторларын ескере отырып, Қазақстанның тау-кен өндіру кешенін технологиялық жаңғыртудың әдіснамалық тәсілдері);
Др. Болат Махмұтов, Басқарма мүшесі-Ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор м.а., ҚарИУ (Шойын мен болатты балқыту процесін декарбонизациялаудың сутегі технологиялары);
Др. Аскар Имашев, ҚарТУ «Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасының меңгерушісі (ESG тәсілдерін ескере отырып, Қазақстан экономикасының базалық салаларын құрылымдық-технологиялық жаңғыртудың теориясын, әдіснамасын және сценарийлерін әзірлеу);
Др. Георгий Сафонов, SIPA/ЭЫДҰ жобасының үйлестірушісі (ЭЫДҰ елдерінің декарбонизация және орнықты даму жөніндегі жобаларды әзірлеудегі тәжірибесі);
Др. Марат Қошымбаев, ХАА академигі, ҚазАТУ (ESG ескере отырып, құрылымдық-технологиялық жаңғырту стратегиясын және АӨК стандарттарын әзірлеу: әлеуетті бағалау, трендтер, перспективалық бағыттар).
Іс-шара қорытындысы бойынша АӨК және ТМК кәсіпорындарында ESG қағидаттарын интеграциялау бойынша ел Үкіметіне ұсынымдар дайындау жоспарлануда.
email: info@green-academy.kz
![](https://green-academy.kz/wp-content/uploads/2024/05/441192094_907868828021243_7856607514426577727_n.jpg)
![](https://green-academy.kz/wp-content/uploads/2024/05/441175452_907869204687872_4953633327671145873_n-1024x682.jpg)
![](https://green-academy.kz/wp-content/uploads/2024/05/441065466_907869081354551_8706455159961071185_n-1024x768.jpg)
![](https://green-academy.kz/wp-content/uploads/2024/05/441159741_907868968021229_4205608680485018475_n-1024x768.jpg)