2017 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында ҚР энергетика министрлігі және ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ-мен бірге «Жасыл Академия» ғылыми-білім орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстанның «жасыл» экономика моделіне көшуін қолдау» жобасы аясында «Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша Хаттаманы құқықтық қолдануы» атты Дөңгелек үстел өтті.
Іс шара «жасыл» экономикаға көшу бойынша Концепциясын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына және БҰҰ ЕЭКХаттамасына сәйкес экологиялық бағалаудың ұлттық жүйесін жасаудың және ендірудің нормативті-құқықтық негіздерін талқылау мақсатында өткізілді.
«Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша Хаттаманы құқықтық қолдану» Дөңгелек үстел қатысушылары – ҚР Президент Әкімшілігі өкілдері, ҚР Парламенті, Ауыл шаруышылығы министрлігі қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар (Еуропалық одақ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ), «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Kazenergy» Ассоциациясы, «Самрук-Энерго» АҚ, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуы министрлігі, Астана қаласы әкімшілігі, «Казахстан Су Арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су тарту кәсіпорындар ассоцияциясы, ҒКБ және де басқа ұйымдар Қазақстанның стратегиялық экологиялық бағалау туралы Хаттама жағдайларын орындаудың заңнамалық аспектілерін талқылады.
Дөңгелек үстел модераторы ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика Кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Есекина Б.К. сөз сөйледі. Семинарда алғы сөзді ҚР Энергетика министрлігі халықаралық әріптестік Департаменті директорының орынбасары Бақберген Керей және БҰҰ ЕЭК ЭСПО Конвенциясы Хатшылығы Қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша қызметкері, Елена Сантер сөйледі. Олар өздерінің сөздерінде жоспарларды, бағдарламаларды, ұлттық саясатты және заңнамаларды жасауда және қабылдануда стратегиялық экологиялық бағалаудың маңыздылығы жайлы айтып өтті.
Кең талқылауда Қазақстан Республикасында стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін құру мүмкіндіктері сұрақтары талқыланды, нәтижесінде ҚР Энергетика министрлігі жанынан Жұмыс тобын құру және СЭБ бойынша Жол картасын жасау шешімі қабылданды.
Дөңгелек үстел ұсыныстарын ҚР Үкіметіне жіберу шешімі қабылданды.