CENTRAL ASIAN GREEN TECH HUB-ТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

27 мамыр 2024 жылы, Алматы қаласында, «Климаттың өзгеруі және қауіпсіздік: көміртексіздендіру және бейімделу саясаты» тақырыбындағы Панельдік Сессиясы аясында климаттың өзгеруі мәселесі бойынша Орталық Азия Конференция платформасында (КӨОАК-2024) Central Asian Green Tech Climate Hub тұжырымдамасы ұсынылған. Оның ұйымдастырушылары ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, SIPA/ЭЫДҰ және Орталық Азия университеті (ОАУ) жобасының қолдауымен «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы болды.

Іс-шараның мақсаты Орталық Азияны декарбонизациялау стратегиясын әзірлеудің инновациялық тәсілдерін, өңірлік ынтымақтастықты іске асыру тетіктерін талқылау, сондай-ақ өңірлік Климаттық хаб құру туралы Меморандумға қол қою болды.

Іс-шараға гибридті форматта ЭТРМ, халықаралық ұйымдардың өкілдері-ЕО делегациясы, Дүниежүзілік Банк, АДБ, ЭЫДҰ (SIPA), ЕҚЫҰ, ОАУ, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ҮЕҰ және бизнес-құрылымдар қатысты.

Сессияның модераторы ретінде ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒББО директоры, доктор Бахыт Есекина сөз сөйледі. Сессияға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің басшысы Сәуле Сабиева, Қазақстандағы ЕО делегациясының ынтымақтастық бөлімінің басшысы доктор Йоханнес Баур, Орталық Азия университеті ректорының міндетін атқарушы доктор Кристофер Джерри құттықтау сөз сөйледі.

Баяндамашы ретінде қатысқандар:

Пелине Атамер, SIPA/ЭЫДҰ жобасының жетекшісі (ЭЫДҰ-ның Орталық Азиядағы экономиканы көміртексіздендіру жөніндегі ұсынымдары);

Др. Георгий Сафонов, SIPA/ЭЫДҰ жобасының үйлестірушісі, «EFI» аға ғылыми қызметкері (терең көміртексіздендірудің халықаралық тәжірибесі: Орталық Азияға арналған сабақтар);

Патриция Албрехт, Венадағы ЕҚЫҰ кеңсесінің климат жөніндегі кеңесшісі (Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және қауіпсіздік жөніндегі аймақтық ынтымақтастық);

Паоло Агостини, табиғи ресурстарды басқарудың жетекші маманы,

Дүниежүзілік Банк (Көміртексіздендіру және бейімделу:

Нарын өзенінің бассейні (Қырғыз Республикасы) және Вахш өзенінің су жинау бассейні (Тәжікстан) мысалында).

Сәуле Қозыке, CEO LLC ARPI — Қазақстан (Орталық Азия жасыл технологиялар Климаттық хабы: жасыл технологиялар саласындағы инновациялар мен кәсіпкерлікті жеделдету).

Пікірсайыста: Сәуле Сабиева, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің басшысы, Олег Плужников, «Perspectives Climate Group» аға кеңесшісі, д-р Раушан Сатова, «АЭжБУ» БАИ директоры және Панельдік Сессияның басқа қатысушылары сөз сөйледі.

Панельдік сессия қорытындысы бойынша «Жасыл Академия» ҒББО мен Орталық Азия университеті арасында Central Asian Green Tech Climate Hub тұжырымдамасын ілгерілетуде бірлескен жұмыс туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігі SIPA OECD және басқа да халықаралық ұйымдар өкілдерінің сөйлеген сөздерінде қолдау тапты.

email: info@green-academy.kz