2020 жылғы 6 қарашада сағат 15.00, Zoom Meeting платформасында «ЭЫДҰ ЖАСЫЛ ӨСУ СТРАТЕГИЯСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында сарапшылардың электрондық жиналысы өтті.
Іс-шараны «GREEN ACADEMY» ҒБО, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (МБА) және ЭЫДҰ Жасыл өсу және халықаралық ынтымақтастық басқармасы ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның мақсаты — ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде ЭЫДҰ жасыл даму стратегиясы құралдарының халықаралық тәжірибесін талқылау.
Жиналысқа мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, МБА тыңдаушылары қатысты.
Жиналыстың жұмысы барысында келесі спикерлер сөз сөйледі: Акзан Ширанов — ҚР ЭГТРМ Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры; Куми Китамори — ЭЫДҰ Қоршаған ортаны қорғау департаментінің Жасыл өсу және жаһандық қатынастар бөлімінің бастығы; Др. Бақыт Есекина — ЭЫДҰ ұлттық кеңесшісі, «Жасыл академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., проф., Айгүл Көшербаева — МБА Вице-ректоры.
Спикерлер «жасыл» өсуді ынталандыру бойынша ҚP Үкіметіне ұсыныстар берді, атап айтқанда:
— ЭЫДҰ «жасыл» көрсеткіштері негізінде ұлттық статистикалық жүйені жетілдіру;
— «жасыл» көрсеткіштері ескере отырып, жоспарлау және салық салу жүйесін жаңғырту;
— ОДМ-ның орындалуын бақылау үшін блокчейн технологиясы бойынша зерттеулер жасау;
— шешім қабылдаушылар, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар үшін әлеуетті арттыру бағдарламасын әзірлеу.
Іс-шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Вице-ректоры Айгүл Көшербаева болды.
Келесі сілтеме арқылы іс-шараның толық видеосын көре аласыздар:
https://www.facebook.com/GreenAcademy.kz/ немесе