«КӨМІРТЕКТІК БЕЙТАРАПТЫЛЫҚ: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ПОТЕНЦИАЛДАР ЖӘНЕ ҚЫЙЫНШЫЛЫҚТАР» САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және коммуникация университеті (АЭжБУ), «GREEN ACADEMY», «CarbonLab» (Мәскеу, РФ) ұйымдастырған сарапшылар (электрондық) жиналысының қатысушылары – Еуропалық Одақ, ЕҚДБ, ЭЫДҰ, IDDRI, БҰҰДБ, KPMG өкілдері, Жоғары экономика мектебі (РФ), «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы», «Қазақинвест», «Жасыл Даму», Назарбаев Университеті, ҚР БҒМ Экономика институты, ҚазҰУ, ҚазАТК, Қазақ энергетикалық қауымдастығы және басқа ұйымдар экономиканы декарбонизациялау саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылардың баяндамаларын талқылап, келесі ұсыныстар қабылдады:

1. БҰҰ-ның Климаттық амбициялар саммитінің (12.12.2020 ж.) нәтижелері және Еуропалық Одақтың «GreenDeal» Стратегиясын жүзеге асыру қазіргі кезде декарбонизация процестері әлемдік экономиканың даму векторын және оның 2050 жылға дейінгі бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Бұл процестің негізгі бағыттары халықаралық деңгейде де, ұлттық деңгейде де жаңа климаттық саясат болуы керек.

2. Қазақстан Республикасы 2030 жылға қарай шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15-25% азайту туралы ерікті міндеттемелер қабылдап, 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу процесін бастады. Сонымен бірге, Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев БҰҰ-ның Климаттық амбициялар саммитінде жаңа мақсат – 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуді жариялады, бұл ұлттық экономиканы, оның негізгі секторларын және декарбонизациялау бойынша ұзақ мерзімді, жүйелік шараларды, соның ішінде мақұлдаған INDC-мен байланысын әзірлеуді талап етеді.

3. ЭЫДҰ өзінің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, ұлттық экономиканы декарбонизациялау жөнінде кешенді шаралар ретінде келесі іс-шараларды ұсынады:

3.1. «жасыл» индикаторлар мен «өндіріс пен сұранысқа негізделген СО2 шығарындылары» индикаторларына негізделген ұлттық статистика жүйесін жетілдіру;

3.2. Стратегиялық экологиялық бағалауды (СЭБ) ескере отырып, жоспарлау және салық салу жүйесін модернизациялау;

3.3. Сандық технологияларды әзірлеу және енгізу, соның ішінде СО2 шығарындыларына мониторинг жасауға арналған блокчейн;

3.4. Шығындылар үшін төлемдердің жинақталуы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін төменкөміртекті қор құру тұжырымдамасын әзірлеу;

3.5. Тәжірибе, білім және консультация алмасу үшін экономиканы декарбонизациялау бойынша халықаралық сарапшылар желісін құру;

3.6. Шешім қабылдаушылар, бизнес және ҮЕҰ үшін әлеуетті арттыру бағдарламасын әзірлеу.