ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ректор, профессор Кристофер Джерри бастаған Орталық Азия университетінің (ОАУ) делегациясы 2024 жылғы 8-10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасына сапар ұйымдастырды. Сапар Дүниежүзілік Банктің (Алматы қ.) кеңсесінен басталды, онда ОАУ делегациясы, Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің Операциялық менеджері Инду Джон-Абрахам, Еуропалық орман институтының (Др. Георгий Сафонов, EFI, Хельсинки қ.), NEAH (Др. Мария Степанова, Кипр), Green Academy (Др. Бақыт Есекина, Қазақстан) сарапшылары қатысуымен Орталық Азиядағы климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

Сапардың екінші күні ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментімен, Орталық Азиядағы ЕҚДБ басқарушы диреткоры Жужанна Харгитаймен, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевпен, Ұлыбританияның Астанадағы елшілігінің климат мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Кирри Хендрикспен, Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесулерге арналды.

Кездесулер барысында ОАУ климатқа байланысты өзінің инновациялық бакалавриат, магистратура және сертификаттау бағдарламаларын, сондай-ақ экологиялық менеджмент және климаттық ғылым саласындағы озық зерттеу бағдарламасын ұсынды. Университеттің практикалық бастамалары, оның ішінде 2027 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 30% – ға азайтуға бағытталған NetZero стратегиясы туралы жаңартулар ұсынылды.

Орталық Азияның климаттық жағдайын ілгерілетудегі ынтымақтастықты жалғастыру, Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде өңірлік кеңсе құруды қолдау және Қазақстан мен Орталық Азияның таулы аймақтарында мен аз дамыған өңірлерінде климаттың өзгеруінің орнықты дамуына әсерін зерттеуді ілгерілету үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орталық Азия университеті мен Жасыл академия арасында ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

email: info@green-academy.kz